САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ақ Үй үкіметте қызметкер санын азайтпақ
АҚШ президенті 2,4 миллион федералды азаматтық жұмыс күшін «көп әрі тиімсіз» деп атап, қызметкер санын азайту науқанын бастады.
Ақ Үй үкіметте қызметкер санын азайтпақ
Трамп 2,4 млн мемлекеттік қызметкерден тұратын федералдық штатты қысқартуды бұйырды / Reuters

Ақ Үй сәрсенбі күні федералды мекемелерден алдағы аптада үкіметтің ықтимал жабылуы кезінде жаппай жұмыстан шығару жоспарын дайындауды сұрады. Бұл әрекеттің алдынғы үкімет жабылу кезеңдерінде байқалған уақытша ақысыз демалысқа жіберу шарасына ұқсамауы назар аударды.

Ақ Үйдің Басқару және бюджет басқармасы (OMB) сәрсенбі күні федералды мекемелерге жазбаша нұсқау жіберіп, АҚШ Конгресі федералды үкіметтің жұмысын жалғастыру үшін заң қабылдамаған жағдайда 1 қазанда қолданылуы мүмкін ерікті қаржыландыруға жататын бағдарлама, жоба және қызмет түрлерін анықтауды тапсырды.

Ақ Үй жіберген жазбада OMB: «Міндетті қаржыландыруға кірмейтін бағдарламалар үкіметтің жабылуынан ең көп зардап шегетін болады», -деді.

Ақ Үй үкіметінің жабылуын президент Дональд Трамптың федералды жұмыс күшін қысқарту мақсатымен пайдаланғаны әлде республикалықтардың қаржыландыру заңын қабылдатуға мәжбүрлеу мақсатында демократтарға қарсы жоғары тәуекелді келіссөз тактикасы ретінде қолданып жатқаны әзірге белгісіз.

Мекемелерге ұсынылған жұмыс күшін қысқарту жоспарын OMB-ге ұсыну, сондай-ақ қаржыландыру тоқтатылған жағдайда ақысыз демалысқа жіберілетін немесе осы рәсімнен тыс қалатын қызметкерлерді хабардар ету нұсқауы берілді.

OMB жазбасы туралы алғаш рет “Politico” журналы хабарлады.

Федералды жұмыс күшін қысқарту

Трамп сейсенбі күні үкіметті қаржыландыру ережесін талқылау үшін Конгрестегі демократ жетекшілерімен өтетін кездесуін тоқтатты. Бұл келесі аптада басталуы мүмкін үкіметтің ішінара жабылу қаупін арттырды.

Республикалықтар да, демократтар да қазіргі тығырық үшін бір-бірін айыптауда.

Трамп қаңтарда қызметіне кіріскен кезде саны 2,4 миллионға жететін федералды азаматтық жұмыс күшін «көп әрі тиімсіз» деп атап, оны қысқартуға бағытталған науқанды бастаған болатын.

Қызметкер басқару агенттігінің директоры Скотт Купор тамыз айында “Reuters” агенттігіне берген сұхбатында шамамен 300 мың федералды азаматтық қызметкердің 2025 жылдың соңына дейін жұмысынан шығарылатынын хабарлады.

Бұл қызметкерлердің шамамен 154 мыңы өтемақы алуға келісім берді. Олар федералды үкіметтің қаржы жылының соңғы күні (30 қыркүйек) АҚШ үкіметінің еңбекақы тізімінен шығарылмақ. Сонымен қатар бұл күн — Трамп пен Конгрестің үкіметтің жабылуын болдырмау үшін федералды шығындар бойынша келісімге келуі тиіс соңғы мерзім.

Іздеу
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
Иран президенті: «Территория тұтастығымызды қорғаймыз, бірақ соғысты кеңейтуге ниетті емеспіз»
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Шілде айында Газада 150-ден астам палестиналық қаза тапты
Сирия, БАӘ және Сауд Арабиясы өңірлік қауіпсіздікті талқылады
ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасына шабуылдады
Иран АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирактағы әуе шабуылдарын айыптады
Израиль Батыс Шерияда «Хүда Құран Кәрім» радиосының жұмысын тоқтатты
Ақ Үй алдында шеру өтті
Иран Сыртқы істер министрі әріптестерімен Парсы шығанағындағы ахуалды талқылады
Путин: “Ресей өз мақсаттарына жету үшін бар күшін салады”
Иран балама бағытпен өтпек болған алты кемені тоқтатты
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады