ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде «жасыл планета» идеясын қолдады
Президент Ердоған Түркияның түрік ғасырында «әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы табиғатқа ие және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланатын ел» болуды мақсат ететіндерін айтты.
Ердоған Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде «жасыл планета» идеясын қолдады
/ AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «болашақ ұрпақ үшін өмір сүруге қолайлы орта құруға» шақырып, соңғы жылдардағы жаһандық жылыну, шөлейттену, кейбір жануар түрлерінің жаппай жойылуы және басқа да апаттар «адамзаттың қатыгездігінен табиғаттың қорғануы» екенін атап өтті.

Президент Ердоған жыл сайын 5 маусымда өтетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған жолдауында «Табиғаттың тілі үнсіз, бірақ оның жауабы күшті және айқын. Оған қалай қарасақ, бізге солай жауап береді» деді.

1972 жылы жарияланған Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жыл сайын әртүрлі тақырыпта әртүрлі елдердің ұйымдастыруымен атап өтіледі. 2025 жылдың тақырыбы «Жеріміз-болашағамыз. Біз қалпына келтіруші ұрпақпыз». Топырақты қалпына келтіруге, шөлейттенуге және құрғақшылыққа төзімділікке баса назар аударылады. Биыл іс-шаралар Сауд Арабиясында өтеді.

Биылғы жылдың басты мақсаты -  топырақты қалпына келтіру. Дүние жүзінде 2 миллиард гектардан астам топырақ деградацияға ұшырап, 3,2 миллиард адам мұның зардабын шегуде. Ал жыл сайын 24 миллиард тонна құнарлы топырақ жоғалуда.

Президент Ердоған жолдауында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің мақсаты болашақ ұрпақ үшін жасыл және тұрақты әлем құруға шақыру екенін айтты.

«Бұл жауапкершілікті ешкім біреудің мойнына артып, міндеттерін атқарудан жалтарып кете алмайды. Бұл дәуір адамзаттың қоршаған ортаға тигізетін әсері ең жоғары деңгейге жеткен дәуір», - деді ол.

Ердоған Түркияның табиғатты қорғайтын жобаларды қолдайтынын және жасыл энергия, қайта өңдеу, қалдықсыз және табиғатқа қолайлы урбанизация саясаттарын жүзеге асыру үшін жан-жақты қадамдар басқанын айтты. «Жерімізді, суымызды, ауамызды, орман-тоғайымызды мирас емес, ұрпаққа қалдыратын аманат деп білеміз. Бұл аманаттың талаптарын орындау – біздің борышымыз. Біз балаларымызға таза табиғат қалдыру үшін табиғатпен үйлесімді өмір сүру мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеміз», - деп қосты ол.

Президент Ердоған түрік ғасырында Түркияның әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы табиғаты бар және табиғи ресурстары тиімді пайдаланатын ел болу мақсатына жететінін айтты.

Сондай-ақ Түркия басшысы энергия тиімділігі, қалдықтарды басқару, табиғатты қорғау және экологиялық таза тұтыну әдеттері туралы хабардар болуға шақырды.

Түркияның бірінші ханымы Емине Ердоған «Нөлдік қалдықтар» мен соған байланысты бастамалар арқылы экологиялық тұрақтылықты қолдауға бағытталған жобаларды басқарады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Нөлдік қалдықтар» жөніндегі жоғары деңгейдегі консультативтік кеңесінің төрағасы ретінде Емине Ердоған қалдықтарды азайту, қайта өңдеуді ынталандыру және қоршаған ортаны қорғау туралы хабардарлықты арттыру үшін жұмыс істейді. Бұл күш-жігер айналмалы экономиканы қолдауға және климаттық дағдарыспен күресуге бағытталған.

Түркияның 2017 жылы іске қосылған «Қалдықсыз» бастамасы 552 миллион ағашты сақтап қалды, 150 миллион тонна парниктік газдар шығарындыларының алдын алды және 1,7 триллион текше метр суды қорғады. Осы бастама аясында 74 миллион тоннадан астам қалдық қайта өңделіп, нәтижесінде 256 миллиард лира (6,7 миллиард доллар) үнемделді.

Іздеу
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Сыртқы істер министрі Фидан Иерусалим мәселесіне арналған министрлер кездесуіне қатысады
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік барлау қызметінің басшысы  ХАМАС көшбасшысымен кездесті
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік әуе жолдары рекорд жаңартты
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті
Президент Ердоғанға қастандық жасамақ болған ФЕТӨ мүшесі ұсталды
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газадағы шабуылдарын айыптады
Түркияның «F-16» ұшақтары НАТО аясындағы кезекшілікті қабылдады
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты