ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Үндістанда өрттен қаза тапқандар саны 36-ға жетті
Дәрі-дәрмек зауытында ірі өрт болды.
Үндістанда өрттен қаза тапқандар саны 36-ға жетті
/ AP

Сейсенбі күні шенеуніктердің мәлімдеуінше, Үндістанның оңтүстігіндегі Телангана штатында дүйсенбі күні болған ірі жарылыс пен өрт салдарынан кемінде 36 адам қаза тапқан, шамамен 30 адам жарақат алған.

Өрт сөндірушілер штат астанасы Хайдарабадтан шамамен 50 шақырым қашықтықтағы өнеркәсіп аймағында болған апаттан кейін 34 жұмысшының күйіп кеткен мәйітін тапты. Телангана өртке қарсы қызметінің директоры Г.В. Нараяна Рао бұл ақпаратты Associated Press агенттігіне растады.

Рао тағы екі жұмысшының ауруханада күйік жарақаттарынан көз жұмғанын, Sigachi Industries компаниясына тиесілі дәрі-дәрмек зауытының үйіндісі әлі толық аршылмағанын және ішінде қалған жұмысшылардың бар-жоғы анықталып жатқанын айтты.

Жараланған отызға жуық жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Рао: "Зауыттың бүкіл құрылысы опырылып түсті. Өрт сөндірілді, алдағы бірнеше сағат ішінде үйінді толығымен тазаланады деп үміттенеміз," – деді.

Sigachi Industries жарылыс пен өрттің себебі туралы түсініктеме бермегенімен, зауыттың негізгі өндірістік инфрақұрылымы бүлінгенін және нысанның жұмысы 90 күнге тоқтатылатынын хабарлады. Компания зауытта әдетте дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылатын микрокристалды целлюлоза атты химиялық зат өндірілетінін мәлімдеді.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты