САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Австралия Палестинаны мойындауды қолдады
Энтони Албанезе Израильдің Газадағы геноцидін тоқтатуға және гуманитарлық көмекке қол жеткізуге шақырып, тұрақты бейбітшіліктің ұзақ мерзімді шешімге бағытталуы қажет екенін атап өтті.
Австралия Палестинаны мойындауды қолдады
Албанезе атысты дереу тоқтатуға, тұтқындарды босатуға және Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге шақырды. / Reuters Archive

Австралия Премьер-министрі Энтони Албанезе геноцид жасаушы Нетаньяхудың Палестина мемлекетін мойындау шешімін «терроризмге қарсы ақымақ сый» деп атағанына қарамастан, өз үкіметінің мойындау шешімін қорғады.

Албанезе жексенбі күні Нью-Йорктегі БҰҰ-да журналистерге берген сұхбатында: «Австралия Палестинаны мойындау мәселесінде көптен бері елдегі екі партияның көзқарасына сай ұстаным танытты. Біз екі мемлекет негізіндегі шешімді қолдаймыз», – деді.

Ол сондай-ақ Австралияның 1948 жылы БҰҰ Израиль мемлекетін құруда маңызды рөл атқарғанын атап өтіп, «Екі мемлекеттің құрылуы сол кезде де қарастырылған болатын»,- деп қосты.

Премьер-министр атысты дереу тоқтатуға, тұтқындарды босатуға және Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге шақырды.

Болашаққа бағытталған шешім

Албанезе бейбітшілікті тұрақтандыру үшін израильдіктер мен палестиналықтардың болашақта бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді шешімге бағытталған қадамдар қажет екенін айтты.

Албанезе жексенбі күні «X» әлеуметтік желісінде жасаған мәлімдемесінде: «Австралия Достастығы 2025 жылдың 21 қыркүйегінен  бастап тәуелсіз әрі егемен Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайды», – деді.

Оның айтуынша, бұл қадам палестиналықтардың өз мемлекетіне ие болуға деген заңды әрі ұзақ уақыттан бергі тілегі және Канада мен Ұлыбританияның шешімдерімен бірге екі мемлекет негізіндегі шешім үшін жаңа серпін беруді көздейтін халықаралық бастаманың бір бөлігі.

Сол күні Нетаньяху да Австралия, Ұлыбритания және басқа елдердің Палестинаны мойындау жөніндегі шешімін сынға алып, оны «терроризмге қарсы ақымақ сый» деп атады.

Іздеу
Папа 14. Лео Израильдің палестиналықтарға қатысты зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Трамп Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойылғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Украина: «Новороссийск әскери-теңіз базасына шабуыл жасадық»
АҚШ пен Иран атысты тоқтату мерзімін ұзартуға келісті
Иран президенті Пәкістан Ішкі істер министрімен кездесті
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
Пәкістан Ішкі істер министрі Иранда
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Кувейт Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы қорғаныс келісіміне байланысты Пәкістанды құттықтайды
Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты