ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Кубаның бұрынғы Экономика министрі өмір бойы бас бостандығынан айырылды
Елдің Жоғарғы соты Гильдің өзіне берілген өкілеттіктерді теріс пайдаланғанын, шетелдік фирмалардан ақша алғанын және басқа лауазымды тұлғаларға пара бергенін хабарлады.
Кубаның бұрынғы Экономика министрі өмір бойы бас бостандығынан айырылды
Кубаның бұрынғы Экономика министрі өмір бойы бас бостандығынан айырылды / AA

Кубаның Жоғарғы соты бұрынғы Экономика министрінің тыңшылық жасау бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді. Бұл ˗ аралда соңғы жылдары бұрынғы жоғары лауазымды тұлғаға қатысты қозғалған ең ірі резонансты іс.

Жоғарғы сот дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде бұрынғы Экономика министрі Алехандро Гиль Фернандеске пара алу, жалған құжат жасау және салықтан жалтару секілді басқа да қылмыстар бойынша өтіп жатқан бөлек сотта кінәлі деп танылғаннан кейін қосымша 20 жыл түрме жазасы тағайындалғанын хабарлады.

Гиль 2018 жылдан 2024 жылға дейін Экономика министрі қызметін атқарған және қызметінен босатылғанға дейін Мемлекет басшысы Мигель Диас-Канельдің ең жақын серіктестерінің бірі болған. Сондай-ақ ол 2019 жылы премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған еді.

Қызметтен алынғаннан бірнеше апта өткен соң Куба басшысы Гильдің үлкен қателіктерге жол бергенін және жемқорлықтың жазасыз қалмайтынын айтқан, бірақ нақты әрекеттері туралы  ақпарат бермеген.

Кубаның Жоғарғы соты бұрынғы министрдің нақты не істегені немесе кімнің пайдасына тыңшылық жасағаны жөнінде ешқандай ақпарат бермеді.

«Associated Press» бұрынғы министрмен немесе оның қорғаушысымен байланысқа шыға алмады.

Гильдің ісі ˗  2009 жылы сол кездегі вице-президент Карлос Лаге мен Сыртқы істер министрі Фелипе Перес Рокенің қызметтен алынуынан бергі шенеуніктерге қатысты қозғалған ең жоғары деңгейлі іс. Ол кезде іс құпия ақпараттың тарап кетуіне байланысты болған, бірақ олар сотталмаған еді.

Гиль 2021 жылы Кубада елдің ақша жүйесін біріктіруге бағытталған реформалардың, сондай-ақ ірі экономикалық өзгерістердің басындағы тұлға болатын.  Оның кезеңінде экономикалық дағдарыс пен тауар тапшылығынан зардап шеккен Кубада инфляция күрт өскен еді.

 

Іздеу
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды