ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
ХАМАС тағы үш израильдік тұтқынның денесін тапсырды
ХАМАС денелердің Газаның оңтүстігіндегі туннельден табылғанын хабарлады.
ХАМАС тағы үш израильдік тұтқынның денесін тапсырды
Бітім келісімі аясында ХАМАС пен Қызыл Крест Шужайяда израильдік тұтқындардың мәйіттерін іздеді, бірақ ештеңе табылған жоқ. / AA

Палестиналық тойтарыс қозғалысы ХАМАС бүгін кешке бітім келісімі аясында үш израильдік тұтқынның мәйітін тапсырды.

Израиль билігі жексенбі күні Қызыл Крест арқылы ХАМАС берген үш тұтқынның денесін Газа аумағындағы сарбаздардан қабылдағанын растады.

Премьер-министр кеңсесі мәлімдемесінде: «Израиль Қызыл Крест арқылы Газаға жеткізілген, қаза тапқан үш тұтқынның денесін алды», - делінді және мәйіттердің тұлғасын анықтау үшін сот-медициналық орталыққа жіберілетіні айтылды.

ХАМАС бұған дейін денелердің жексенбі күні Газаның оңтүстігіндегі туннельдің ішінен табылғанын хабарлаған болатын.

Ұйымның қарулы қанаты (Кассам бригадалары) қысқа мәлімдемеде мәйіттердің үйінді астынан табылғанын және оларды жергілікті уақытпен 20:00-де (18:00 GMT) тапсыратынын айтқан.

10 қазанда күшіне енген бітімнен бері ХАМАС 20 израильдік тұтқынды тірі күйінде босатты және 28 тұтқынның (басым бөлігі израильдік) 19-ының мәйітін қайтарды. Алайда Израиль алынған денелердің біреуі тізімдегі тұтқындармен сәйкес келмейтінін хабарлаған.

Израиль бітімнің екінші кезеңі жөніндегі келіссөздердің басталуын барлық тұтқындардың денелерінің қайтарумен байланыстырып отыр.

ХАМАС тұтқындардың мәйіттерін қайтару үдерісі Газаның қирағанына байланысты уақыт алатынын хабарлады.

Келісімнің бірінші кезеңі шамамен 2 000 палестиналық тұтқынның босатылуы және израильдік тұтқындардың айырбасталуын қамтыған.

Жоспарда сонымен қатар Газаны қалпына келтіру және құрамында ХАМАС болмайтын жаңа басқару тетігін құру көзделген.

Израиль 2023 жылғы қазан айынан бері Газаға жасаған шабуылдарында 69 000 адамды өлтіріп, 170 000-нан астамын жаралаған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Стамбулда Газа мәселеcіне байланысты кездесулер өтеді

Іздеу
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді