ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Зеленский: «Украинада 55 000 әскер қаза тапты»
Бұл мәлімдеме АҚШ-тағы бір зерттеу орталығы жариялаған зерттеуден кейін жасалды. Аталған құжатта 2026 жылдың көктеміне дейін қақтығыста екі тараптың жалпы әскери шығыны екі миллионға жетуі мүмкін екені болжанған.
Зеленский: «Украинада 55 000 әскер қаза тапты»
Зеленский: «Украинада 55 000 әскер қаза тапты» / AP

Украина президенті Владимир Зеленский «France 2» телеарнасына берген сұхбатында соғыс алаңында қаза тапқан украиналық сарбаздар саны шамамен 55 000 екенін айтты.

Сәрсенбі күні жарияланған сұхбатта Зеленский: «Украинада соғыс майданында қаза тапқан әскерлер саны 55 000. Мұның ішінде кәсіби және әскери борышын өтеп жүрген әскерлер де бар», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей шабуылынан Киевте төрт адам қаза тапты

Француз тіліне аударылған мәлімдемеде Украина басшысы көптеген адамның хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екенін жеткізді.

Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) жүргізген зерттеуде соғыста шамамен екі миллион әскери қызметкердің қаза тапқаны, жараланғаны немесе із-түзсіз кеткені айтылған.

Ақпаратқа сәйкес, Ресей бастаған соғыс шамамен 1,2 миллион ресейлік пен 500 000-нан 600 000-ға дейін украиналықтың өмірін қиған.

Сондай-ақ «CSIS» соғыс басталғалы бері Ресей армиясы шамамен 325 000 азаматынан айырылған деп болжап отыр.

Ауқымды шығын

Соғыс бейбіт тұрғындарға да ауыр зардап әкелді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылаушылары 2025 жылы Украинада бейбіт тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің көп тіркелгенін хабарлады.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы тек 2025 жылдың өзінде 2 500-ден астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 12 000-нан астамы жараланғанын мәлімдеді. Сонымен қатар нақты көрсеткіштердің бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екені айтылды.

Көптеген зерттеу Украина бойынша ауқымды шығынды құжаттап отыр. Қалалар үйіндіге айналып, энергетикалық инфрақұрылым бірнеше рет нысанаға алынды және миллиондаған адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Тұрғын үйлердің, көлік желілерінің және өнеркәсіптік нысандардың үлкен бөлігі зақымданды немесе қирады. Бұл жағдай Украина экономикасын және елді қайта қалпына келтіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді