ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Стамбулда жер сілкінді
Түркияда эпицентрі Стамбулдың Силиври ауданы болған 6,2 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелді.
Стамбулда жер сілкінді
/ TRT World and Agencies

Төтенше жағдайларды алдын алу және әрекет ету басқармасының  (AFAD) хабарлауынша, Түркияда эпицентрі Стамбулдың Силиври ауданы болған 6,2 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісі сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 12:49-да болды. Стамбул қаласы мен оған жақын аймақтарда қатты сезілген сілкінісінен тұрғындар үрейленіп, ғимараттардан сыртқа шықты.

Ал тағы бір жер сілкінісі сағат 13:02-де Мармара теңізінің Бююкчекмедже жағалауында 4,9 магнитудамен тіркелді.

AFAD барлық тиісті мекемелер мен жедел әрекет ету топтарының жұмылдырылғанын, ықтимал шығындарды анықтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерлерде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мамандардың жағдайды белсенді түрде бақылап отырғаны және шұғыл әрекет ету шараларын үйлестіріп жатқаны атап өтілді. Қазіргі уақытқа дейін адам шығыны немесе ауқымды залал туралы мәлімет түскен жоқ.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкіністеріне қатысты жасаған мәлімдемесінде: «Барша азаматымызға амандық тілеймін, жағдайды жіті бақылап отырмыз», – деді.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты