САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия Израильді айыптады
Анкара Нетаньяху үкіметін түрік әскерлерінің Сирияға орналастырылуы жөніндегі мәлімдемелерді Израильдің Сирия егемендігіне қарсы шабуылдарын ақтау үшін пайдалануда деп айыптады.
Түркия Израильді айыптады
Түркия әскери әуежайға жасалған соққылардан кейін Израильдің Сирияға қатысты айыптауларын жоққа шығарды. / AA

Түркия Израиль премьер-министрлігі тарапынан Сирияға қатысты жасалған мәлімдемелерді жоққа шығарып, олардың Израильдің Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына бағытталған «заңсыз» әуе шабуылдарын заңдастыруды көздейтінін мәлімдеді.

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы «X» әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде: «Израиль премьер-министрлігі алға тартқан негізсіз мәлімдемелер Израильдің Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына бағытталған заңсыз әуе шабуылдарын ақтауға бағытталған», — деді.

Идлибтегі әуе шабуылдары

Сейсенбі күні Израильге тиесілі әскери ұшақтар Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб уәлаятында орналасқан Әбу Зухур әскери әуе базасының ұшу-қону жолағына сегіз рет әуе соққысын жасаған болатын. Шабуыл салдарынан әуежай инфрақұрылымына зақым келді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Сирияның Әбу Зухур әскери әуежайына шабуылдады

Анкара тағылған айыптардың Нетаньяхудың Израильдегі сайлау қарсаңында аймақта «экспансиялық әрі тұрақсыздық туғызатын саясатын» жалғастыру ниетінен туындап отырғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде: «Түркия әлем елдерінің басым көпшілігі секілді өңірімізде бейбітшіліктің тұрақты орнағанын қалайды. Бұған апарар жалғыз жол — Нетаньяхудың агрессиялық әрі қысым көрсетуге негізделген саясаттан бас тартып, халықаралық құқықты құрметтеуі», — делінген.

Анкара сондай-ақ Сирияда бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз ету үшін Сирия үкіметімен ынтымақтастықты жалғастыратынын қайталады.

Мәлімдемеде: «Түркия Сирияда бейбітшілік орнату үшін Сирия үкіметімен заңды негізде ынтымақтастығын табандылықпен жалғастырады және Сирияны тұрақсыздандыруға ешқашан жол бермейді», — делінген.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады