САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Зеленскиймен кездескен Трамп Ресей жөніндегі ұстанымын өзгертті
АҚШ Президенті Ресейді «қағаз жолбарыс» деп атап, ұстанымын өзгертті, ал Зеленский мұны «үлкен өзгеріс» деп бағалады.
Зеленскиймен кездескен Трамп Ресей жөніндегі ұстанымын өзгертті
Зеленскиймен кездескен Трамп Ресей жөніндегі ұстанымын өзгертті / AP
24 Қыркүйек 2025

АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинаның қазіргі таңда Ресей басып алған барлық жерін қайтарып алу үшін қолайлы жағдайда тұрғанын айтты. Бұл мәлімдеме Трамптың соғысқа қатысты бұрынғы ұстанымынан айтарлықтай ауытқу ретінде қарастырылып отыр.

Трамп Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы кезінде Украина Президенті Владимир Зеленскиймен баспасөзге жабық өткізген кездесуінен кейін Ресейдің экономикалық әлсіздігі күштер тепе-теңдігін өзгертіп жатқанын жеткізді.

Трамп «Truth Social” платформасында жариялаған жазбасында: «Еуропалық Одақтың қолдауымен Украина бастапқы шекараларын қайтарып алу мақсатында соғысуға және ЖЕҢУГЕ қолайлы жағдайда тұр деп ойлаймын», – деді.

Ол сондай-ақ: «Уақыт, сабыр және Еуропаның, әсіресе НАТО-ның қаржылай қолдауы арқылы бұл бастапқы шекараларды қайтарып алу мүмкін. Бұл неге жүзеге аспасын? Ресей үш жарым жылдан бері мақсатсыз соғысып келеді», – деп қосты.

Ресейді «қағаз жолбарыс» деп сипаттаған Трамп Киев 2014 жылы Мәскеу аннексиялаған Қырым түбегін де қайтарып алуы мүмкін екенін алға тартты.

Трамп: «Путин мен Ресей ҮЛКЕН экономикалық қиындықтың ішінде, бұл – Украинаның қадам басуы үшін дұрыс уақыт. Қалай болғанда да, екі елге де сәттілік тілеймін. Біз НАТО-ға қару жеткізуді жалғастырамыз, ал НАТО бұл қаруларды қалағанынша қолдана алады», – деп жазды.

Зеленский мәлімдемелерді құптады

Зеленский Трамптың жазбасын АҚШ саясатындағы «үлкен өзгеріс» деп атады.

Ол сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Украина күштері осы айда басып алынған 360 шаршы шақырым жерді қайтарып алғанын және 1 000 орыс әскерін қоршауға алғанын жеткізді.

Мәскеуге қосымша санкциялар енгізуге шақырған Зеленский Трамптың Еуропа елдерін ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатуға үндегенін қолдайтынын айтты.

Трамптың соңғы мәлімдемелері ақпан айында Зеленскиймен өткен күрделі әңгімесімен айқын түрде қарама-қайшы келіп отыр. Ол кезде Трамп украиналық басшыға: «Қазір сіз өте жақсы жағдайда емессіз. Өзіңізді өте қиын жағдайға қойдыңыз. Қазір қолыңызда ешқандай карта жоқ. Бізбен бірге болсаңыз, картаға ие боласыз», – деген болатын.

Осы айдың басында Трамп НАТО мүшелері ресейлік мұнай импортын жаппай тоқтатып, ұқсас әрекет жасайтын болса, Ресейге үлкен санкциялар енгізуге дайын екенін айтқан еді.

Бұл өзгеріс соғыс төртінші жылға аяқ басқан шақта Ресейдің санкция мен соғыстағы шығын салдарынан өсіп келе жатқан экономикалық қысымға тап болған кезеңіне сәйкес келіп отыр.

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды