ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Кушнер: ХАМАС Газадағы бітім келісімі аясында “адал ниетпен әрекет етуде”
АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы, әрі Газа бітім келісімінің негізгі келіссөз жүргізушілерінің бірі Джаред Кушнер палестиналық ХАМАС қозғалысының келісім аясында “адал ниетпен әрекет етіп жатқанын” мәлімдеді.
Кушнер: ХАМАС Газадағы бітім келісімі аясында “адал ниетпен әрекет етуде”
Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім кезінде Газа қаласы. / Reuters

Жексенбі күні “CBS” телеарнасына берген сұхбатында Кушнер АҚШ, Израиль және араағайын елдердің Газа аумағындағы келісімнің орындалу барысын, соның ішінде ХАМАС-тың қолындағы израильдік тұтқындар мен қаза тапқандардың мәйіттерін қайтару үдерісін бірлесе бақылап отырғанын атап өтті.

«Араағайындар бізге жеткізген мәліметтерге сәйкес, әзірге олар келісімге адал қалып отыр», - деді Кушнер. ХАМАС-тың келісімді толық орындап жатқаны жайлы сұраққа ол: «Бұл кез келген сәтте бұзылуы мүмкін, бірақ қазіргі кезде олардың өз міндеттемелеріне адал болуға тырысып жатқанын байқап отырмыз», - деп жауап берді.

Трамп әкімшілігінің бейресми кеңесшісі ретінде қызмет ететін Кушнер Вашингтонның “екі тарапты да бірін-бірі айыптаудан гөрі шешім табуға бағытталған белсенді ұстанымға” ынталандырып отырғанын айтты. Ол бітімнің алғашқы кезеңінде тұрақтылықты сақтау басты мақсат екенін атап өтті.

Кушнер сондай-ақ қаза тапқан тұтқындардың денесін қайтару ісінде ілгерілеу Израиль өкілдері мен Катар, Мысыр және Түркия тарапынан делдалдық арқылы ХАМАС өкілдеріне ақпарат жеткізу жолымен мүмкін болатынын айтты.

Сонымен қатар Трамп Газа бітімінің Израильдің ондаған адамның өмірін қиған әуе соққыларына қарамастан күшінде қалып отырғанын мәлімдеді және Вашингтонның Израиль мен ХАМАС арасындағы тыныштықты сақтауға мүдделі екенін хабарлады.

АҚШ-тың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф Газада соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру үшін “негізгі жоспар” дайын екенін, бұл процестің араб және халықаралық серіктестердің қолдауымен ашық әрі айқын түрде жүзеге асатынын айтты.

“CBS” телеарнасына берген сұхбатында Уиткофф шамамен 50 миллиард доллар көлемінде бағаланған бұл жоспардың бітімнен кейін Газа инфрақұрылымын қайта қалпына келтіруді көздейтінін мәлімдеді.

«Бұл өте қымбат жоба болады деп ойлаймын. Болжам шамамен 50 миллиард доллар шамасында, сәл аз не көбірек болуы мүмкін. Бірақ бұл аймақ үшін аса үлкен сома емес. Бұл іске кірісуге дайын үкіметтер бар», - деді Уиткофф.

Іздеу
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты
Австралияда «H5N1» құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті жағдай анықталды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті
Түркия Сириядағы шабуылды айыптады
Дамаскіде жарылыс болды