ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Вьетнам мен Испания экономикалық және қорғаныс байланыстарын нығайтпақ
Испания мен Азияның өндірістік қуаты Вьетнам АҚШ-тың Вьетнам тауарларына және ЕО өнімдеріне салынатын қатаң тарифтерді болдырмауға тырысуда.
Вьетнам мен Испания экономикалық және қорғаныс байланыстарын нығайтпақ
/ AFP

АҚШ-тың тарифтік шектеулерін айналып өтуге тырысып жатқан Вьетнам мен Испания экономика және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға келісіп, еркін сауда мен көпжақтылықты қолдайтындарын мәлімдеді.

Трамп әкімшілігі енгізген өзара тарифтердің салдарын сезініп отырған Испания мен Вьетнам АҚШ-қа жеткізілетін вьетнамдық тауарларға салынатын 46 пайыздық және Еуропалық Одақ өнімдеріне салынатын 25 пайыздық тарифтерге қарсы дипломатиялық әрекеттерін күшейтті.

Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чинь Испания Премьер-министрі Педро Санчестің Ханойға жасаған сапары кезінде Вьетнамның Испаниямен қарым-қатынасын жақын арада «жан-жақты стратегиялық әріптестік» деңгейіне көтергісі келетінін айтты.

«Қазіргі жаһандық жағдайды ескерсек қиындықтар мен дағдарыстар неғұрлым көбейсе, ынтымақтастықты соғұрлым арттырып, көпжақтылықты ерекше атап өтуіміз қажет», – деді бірлескен баспасөз мәслихатында халықаралық ынтымаққа шақырған Чинь.

Санчес болса Испанияның экономикада ашық саясатты қолдайтынын және сауда соғыстарына қарсы екенін атап өтіп, «Испания ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті, еркін сауданы және экономикада ашық саясатты қолдайды. Сауда соғыстары ешкімге пайда әкелмейді, керісінше, баршаға зиянын тигізеді», – деді.

Сондай-ақ Санчес Испанияның Вьетнамдағы ықпалын әсіресе теміржол инфрақұрылымы саласында кеңейткісі келетінін айтты. Ол елінің жоғары жылдамдықты теміржол жобаларындағы тәжірибесін Вьетнаммен бөлісе алатынын жеткізді.

Вьетнам қазіргі кезде әлсіз күйдегі теміржол жүйесіне инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл аяда ел астанасы Ханой мен іскерлік орталық Хошимин қаласын байланыстыратын 1 541 шақырымдық жоғары жылдамдықты теміржол желісі мен Қытаймен жалғасатын теміржол жобалары қарастырылуда.

Іздеу
Президент Ердоған «Аналар күнімен»  құттықтады
Сауд Арабиясы әуе кеңістігін әскери операциялар үшін пайдалануға рұқсат бермегенін мәлімдеді
Дрон шабуылынан Ресейдің оңтүстігіндегі 13 әуежайдың жұмысы тоқтап қалды
Түрік қорғаныс компаниялары үш күнде 8 млрд долларлық экспорт келісімін жасасты
Индонезияда жанартау атқылады
Иран АҚШ әскери-теңіз күштеріне зымыранмен соққы берді
АҚШ-та мыңдаған оқу орны ауқымды кибершабуылға ұшырады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирустың артуы мүмкін екенін ескертті
Испания Израиль өкілін Сыртқы істер министрлігіне шақыртты
"Түркия - Еуропаның қауіпсіздігі үшін таптырмас ел"
Энергиядағы тәуекелдеріне қарсы Түркияның кепілі - ГЭС-тер
Түркия мен Алжир президенттері кездесті
Түркия Иран мен  АҚШ-ты диалогқа шақырды
Қытайдың бұрынғы қорғаныс министрлері өлім жазасына кесілді
Түркия 2027 жылы Халықаралық көлік форумына төрағалық етеді