ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Шығыс Иерусалимдегі мектептер Израильдің қысымы салдарынан жаңа оқу жылын бастай алмады
Оккупациядағы Шығыс Иерусалимде жекеменшік Палестина мектептері Израильдің қысымына наразылық ретінде оқу үдерісі екінші хабарламаға дейін басталмайтынын мәлімдеді.
Шығыс Иерусалимдегі мектептер Израильдің қысымы салдарынан жаңа оқу жылын бастай алмады
Шығыс Иерусалимдегі Палестина мектептері Израильдің қысымы салдарынан жаңа оқу жылын бастай алмады.

Бүгін жаңа оқу жылының басталуы жоспарланған оккупациядағы Шығыс Иерусалимде жекеменшік Палестина мектептері Израильдің қысымына наразылық ретінде оқу үдерісі екінші хабарламаға дейін басталмайтынын мәлімдеді.

Оккупациядағы Шығыс Иерусалимде орналасқан жекеменшік Палестина мектептері бірлескен мәлімдемесінде мұндай шешім Израильдің оккупациядағы Батыс Шериядан келетін мұғалімдер мен қызметкерлерге кіруге рұқсат бермеуіне байланысты қабылданғанын хабарлады.

Мәлімдемеде: “Көптеген мұғалім, мұғалім көмекшілері және қосалқы қызметкерлердің кіру рұқсаттары алдын ала ешқандай ескертусіз әрі күтпеген жерден ұзартылмағандықтан көптеген білім беру қызметкерлері жұмыс орындарына жете алмады. Бұл жағдай жаңа оқу жылының басталуына кедергі келтірді, - делінген.

Сондай-ақ Израильдің қызметкерлерге кіруге рұқсат бермеуіне байланысты мектептердегі денсаулық сақтау, тазалық және қауіпсіздік бойынша дайындықтардың тиісті деңгейде жүргізілмегені айтылды. Мәлімдемеде «Иерусалимдегі барлық мұғалімдер мен қызметкерлердің кіру рұқсаттары толықтай ұзартылғанға дейін оқу үдерісін тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаны» атап өтілді.

Палестина мектептеріне «Израиль оқу бағдарламасын» міндеттеу

Палестина әкімшілігіне қарасты Иерусалим губернаторлығы өз мәлімдемесінде Израильдің Иерусалим муниципалитетіне қарасты мектептерде 45 мыңнан астам палестиналық оқушыға Израильдің оқу бағдарламасын міндеттеп отырғанын хабарлады.

Мәлімдемеде бұл қадам «Палестина болмысын жою, ұлттық тарихи баяндауды бұрмалау және иерусалимдік оқушылардың өз тарихын, тілін және ұлттық тиесілігін сақтайтын ұлттық білім алу құқығына жасалған тікелей шабуыл» деп бағаланды.

Израильдің Haaretz” газеті оккупациядағы Шығыс Иерусалимде 120 мың оқушы бар екенін және олардың 38 пайызы Израильдің Иерусалим муниципалитетіне қарасты мектептерде білім алатынын жазды.

Хабарда бұл мектептерде Израильдің оқу бағдарламасының енгізілуі 1967 жылғы оккупациядан бері алғаш рет жүзеге асып отырғаны айтылды.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды