САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Путин Аляскадағы саммиттен кейін Трампты мақтады
Ресей басшысы Аляска саммитінен кейін Трамптың көшбасшылық қасиеттерін мақтап, Украина соғысы кезінде қарым-қатынас пен энергия саласындағы ынтымақтастыққа оң көзқарас білдірді.
Путин Аляскадағы саммиттен кейін Трампты мақтады
/ Reuters
23 Тамыз 2025

Ресей Президенті Владимир Путин Ресей–АҚШ қатынастарынан үмітті екенін және екі елдің Арктика мен Аляскада ықтимал ортақ жобаларды талқылағанын айтты.

Жұма күні ядролық зерттеу орталығына барған кезде сөйлеген сөзінде Путин қарым-қатынастың қалпына келуіне қатысты оң көзқарас білдірді. Ол 15 тамызда АҚШ Президенті Дональд Трамппен Аляскада өткізген саммитке сілтеме жасап, тараптар Украина соғысын аяқтайтын келісімге келе алмаса да, кең ауқымды өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытқанын атап өтті.

«Президент Трамптың келуімен қараңғылықтың артынан жарық көрінді деп ойлаймын және біз Аляскада өте жақсы, мазмұнды әрі ашық кездесу өткіздік», — деді ол. «Бұдан кейінгі қадам Америка Құрама Штаттарының басшылығына байланысты. Қазіргі Президент Трамптың көшбасшылық қасиеттері қарым-қатынастың қайта қалпына келуіне кепіл деп сенемін», - деп қосты.

Ықтимал ынтымақтастық

Ықтимал ынтымақтастық жөнінде толығырақ мәлімет бермеген Путин Ресейдің Арктикада «өте үлкен» кен қорларын көріп отырғанын және Аляскада да мүмкіндіктер барын атап өтті. Ол Ресейдің сұйытылған табиғи газ (LNG) өндірушісі «Novatek» компаниясының қызметін алға тартып, америкалық фирмалардың да оған қатыса алатынын жеткізді. «Біз америкалық әріптестермен бұл салада бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін талқылап жатырмыз, әрі тек Арктика аймағымызда ғана емес, Аляскада да», - деді.  «Бүгінгі таңда қолымыздағы технологияларға бізден басқа ешкім ие емес және бұл жағдай америкалықтардың қызығушылығын тудырып отыр», -  деді.

Егер қарым-қатынас қалыпқа келсе, Ресей мен АҚШ әсіресе энергияны дамыту және Арктикадағы тасымал салаларында экономикалық әлеует бар екеніне назар аударып отыр. Алайда қарым-қатынас Украина соғысы төртінші жылына аяқ басқанына байланысты қырғи-қабақ соғыстан кейінгі кезеңдегі ең төменгі деңгейде.

Аляскадағы саммитте Трамп пен Путин бітім жөнінде келісімге келе алмады. Украина Президенті Владимир Зеленский Мәскеудің әскерлерді шығару ұсынысын қабылдамады. Дегенмен екі көшбасшы да диалогты жалғастыруға ашық екендерін мәлімдеді.

Мәскеу үшін жұма күнгі мәлімдемелер энергетика мен сауда мүмкіндіктерін саяси келіспеушіліктерден ажыратуға деген ұмтылысты көрсетті.

Бұл арада Трамп жұма күні Зеленский мен Путин арасында саммит ұйымдастырудың қиын екенін айтты. Ол журналистерге: «Путин мен Зеленский бірге жұмыс істей ме, көреміз. Олар белгілі бір себептерге байланысты тіл табыса алмауда», - деді. Бұл кездесуге өзінің қатысып, қатыспауы туралы ол «көреміз» деп жауап берді.

Іздеу
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді