САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Песков энергетикалық инфрақұрылымдарға бағытталған шабуылды тоқтату мәселесі бойынша байланыстардың жалғасып жатқанын айтты.
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 2022 жылдың ақпанынан бері соғыс жағдайында тұрған Украинада уақытша бітімнің орнына ұзақ мерзімді бейбітшілікті қалайтындарын білдірді.

Дмитрий Песков елорда Мәскеуде журналистерге жасаған мәлімдемесінде Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей президенті Владимир Путин 60 күндік бітімді қабылдаған жағдайда, Украинада сайлау өткізілуі мүмкін екендігі туралы сөздеріне баға берді.

Ресейдің Украинадағы қақтығыстарды аяқтауға қатысты ұстанымының өзгермегенін атап өткен Песков: «Ресейде бұл мәселе Путин тарапынан да, басқа деңгейлерде де бірнеше рет тілге тиек етілді. Біз бітімді емес, ұзақ мерзімді бейбітшілікті қалаймыз және бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз», — деді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей мен Украинаның энергетикалық инфрақұрылымдарына бағытталған шабуылдарды тоқтату жөніндегі бітім бойынша келісімге келгені туралы мәлімдемесіне қатысты сұраққа да жауап берген Песков: «Байланыстар жалғасуда. Бұл мәселе бойынша айтатын нәрсеміз болғанда, сіздерді міндетті түрде хабардар етеміз», — деген сөзді қолданды.

Еуропа елдерінің Украина дағдарысына көзқарасын да бағалаған Песков еуропалықтардың қақтығыстардың аяқталуына кедергі жасау үшін күш-жігер жұмсауды жалғастырып жатқанын айтты.

Песков еуропалық елдерді «соғысты жақтаушылар» деп сипаттап, «Біз америкалық келіссөз жүргізушілердің күш-жігерін әлдеқайда оң қабылдаймыз және осы әрекеттерін жалғастырғандары үшін оларға алғыс білдіреміз. АҚШ пен Еуропа арасында іріткі салуға тырысып жатқан жоқпыз, бейбіт шешімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін тиімді қадамдар мен жауапты шешімдерді іздестірудеміз», — деп атап өтті.

Іздеу
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр
Түркия мен Қытай спутниктік технологиялар бойынша келісімге қол қойды
Мексикада түрмеде бүлік шығып, 10 адам қаза тапты
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркияның автомобиль экспортының 73 пайызы ЕО елдеріне бағытталған
Газада толыққанды жұмыс істейтін бірде-бір аурухана қалмады
АҚШ-тың Иранмен соғыстағы әуе техникасы шығыны есептелді
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін