САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Израильдің қарсылығына қарамастан F-35 жойғыш ұшақтарын Түркияға сатуды қарастыруда
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мәлімдемелерді аталған қадамға ашық қарсы шыққан Нетаньяхудың Вашингтонға сапары кезінде жасады.
Трамп Израильдің қарсылығына қарамастан F-35 жойғыш ұшақтарын Түркияға сатуды қарастыруда
F-35 жойғыш ұшақтарын Түркияға сатуды қарастыруда / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға F-35 жойғыш ұшақтарын сату мәселесін «өте байыпты түрде» қарастырып жатқанын айтты.

Дүйсенбі күні АҚШ-тың аталған сауданы мақұлдау-мақұлдамауы туралы сұраққа Трамп: «Біз бұл туралы өте байыпты ойланып отырмыз», — деп жауап берді. Трамп бұл мәлімдемелерді осы қадамға қатаң қарсы шыққан Беньямин Нетаньяхудың сапары кезінде жасады.

Осы айдың басында АҚШ-тың Түркиядағы елшісі және Сирия бойынша арнайы өкілі Том Баррак Вашингтонның Анкарамен F-35 жойғыш ұшақтар бағдарламасына қайта қосылу бастамасы бойынша «жалғасып жатқан келіссөздер» жүргізіп жатқанын және алдағы айларда «серпіліс» болады деп үміттенетінін айтқан болатын. Баррак Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арасындағы «оң қарым-қатынас» «ынтымақтастықтың жаңа ортасын» қалыптастырғанын, соның арқасында соңғы онжылдықтағы ең нәтижелі F-35 келіссөздері жүріп жатқанын атап өтті.

Ол «Бұл келіссөздер алдағы айларда Америка Құрама Штаттарының да, Түркияның да қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыратын нәтиже береді деп үміттенеміз», — деген болатын.

Ілгерілеу белгілері

АҚШ Түркияның Ресейден С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына қарсылық білдіріп, 2019 жылы Түркияны F-35 жойғыш ұшақтар бағдарламасынан шығарып тастаған болатын. Түркия бұған дейін бағдарламадан шеттетілуін әділетсіздік деп санап, Трамптың екінші президенттік мерзімінде бұл мәселе шешілуі мүмкін деген үмітін білдірген.

Түркия Сыртқы істер министрі Хақан Фидан да осы айдың басында Анкараның “CAATSA” санкциялары бойынша Вашингтонмен келіспеушілікті шешуге жақын екенін айтып, «Жақын арада бұл кедергіні жоюдың жолын табатынымызға сенемін», — деді.

 

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді