ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Түркия Республикасы президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы президент Режеп Тайып Ердоғанның Судан премьер-министрі Камил Идрипен Анкарадағы Президенттік кешенде кездескенін хабарлады.
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті. / AA

Басқарма Түркияның “Nsosyal” әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде сәрсенбі күнгі кездесуде Түркия мен Судан арасындағы екіжақты қатынастармен қатар өңірлік және жаһандық мәселелердің талқыланғанын жеткізді.

Ердоған Түркия мен Судан ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру көзделіп отырғанын айтып, Түркияның Суданның егемендігі мен аумақтық тұтастығына берік қолдауын жалғастыратынын мәлімдеді.

Президент сондай-ақ Анкараның Судандағы қақтығысты тоқтатуға және жағдайды қалыпқа келтіруге жәрдемдесу үшін күш салып отырғанын, Түркияның атысты тоқтату және жан-жақты саяси үдерісті бастауға бағытталған дипломатиялық бастамаларды қолдайтынын білдірді.

Кездесуге сондай-ақ Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы және Президент жанындағы Коммуникациялар басқармасы басшысы Бурханеттин Дуран қатысты.

Іздеу
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”
"Таяу Шығыстағы бейбітшілік – жаһандық қажеттілік"
Иран Ормуз бұғазын жапқанын хабарлады
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді