САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ливан Иран елшісін 'персона нон грата' деп жариялады
Бейрут бұл қадамның «Иран тарапынан екі ел арасындағы қалыптасқан дипломатиялық нормалар мен хаттамалардың бұзылуына» байланысты басылғанын хабарлады.
Ливан Иран елшісін 'персона нон грата' деп жариялады
Ливан Иран елшісін 'персона нон грата' деп жариялады / AP

Ливан Иран елшісінің аккредитациясын кері қайтарып алып, оны “persona non grata” деп жариялады. Ливан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Иран елшісі Мохаммад Реза Шибанидің 29 наурызға дейін елден кетуі керектігі айтылды.

Министрлік сондай-ақ Ливанның Ирандағы елшісі Ахмад Свейданның кеңесу үшін кері шақырылғанын хабарлады. Бұл шешім «Тегеранның орныққан дипломатиялық нормалар мен хаттамаларды бұзуына» байланысты қабылданған.

Ливан үкіметі 5 наурызда елде әрекет ететін Иран Ислам төңкеріс сақшылары корпусының мүшелерін бақылауға алу және тұтқындау туралы нұсқау берді. Президент Джозеф Аун өткен жылы Иранға Ливан аумағында ешбір топтың қару ұстауына немесе шетелдік қолдауға сүйенуіне рұқсат берілмейтінін ескерткен болатын.

Израиль 2 наурыздан бері Ливанға әуеден соққы беріп, елдің оңтүстігінде құрлықтық операция бастады. Ливан билігі Израиль шабуылдарынан осы уақытқа дейін кем дегенде 1 039 адамның қаза тауып, 2 876 адамның жараланғанын хабарлап отыр.

Қазіргі шиеленіс 28 ақпаннан бері 1 340-тан астам адамның өмірін қиған АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылдары кезінде қалыптасты. Тегеран «АҚШ-тың әскери нысандарын» нысанаға алғанын алға тартып, Израильмен қоса Иордания, Ирак және Шығанақ елдеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар арқылы қарымта соққы берді.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы