ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пәкістанда газ жарылысынан 16 адам қаза тапты
Пәкістанның Карачи қаласында болған жарылыс салдарынан әйелдер мен балаларды қоса алғанда кемінде 16 адам қаза тапты. Құтқару қызметтері үйінді астында тірі қалғандарды іздеуді жалғастырып жатыр.
Пәкістанда газ жарылысынан 16 адам қаза тапты
Пәкістанның Карачи қаласындағы көпқабатты тұрғын үйден құқарушылар мәйіттерді шығарып жатыр. 2026 ж 19 ақпан, бейсенбі. / AP

Билік өкілдерінің хабарлауынша, Пәкістанның ең үлкен портты қаласы Карачиде көпқабатты тұрғын үйде болған газ жарылысы әйелдер мен балаларды қоса алғанда кемінде 16 адамның өмірін қиып, көптеген адамның жарақат алуына себеп болған.

Жергілікті полиция басшысы Ризуан Пател жарылыстың Синд провинциясының астанасы Карачидің тұрғын ауданында болғанын хабарлады.

Оқиға таңғы шамамен сағат 4-терде, мұсылман отбасылары сәресін дайындай бастаған кезде болған.

Пателдің айтуынша, құтқару топтары үйінді астында тірі қалғандарды табу үшін жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Пәкістанның басқа өңірлеріндегідей Карачидегі үйлер мен көпқабатты ғимараттардың көбінде тамақ пісіру үшін табиғи газ пайдаланылады. Алайда табиғи газ қысымының төмен болуына байланысты көптеген үй шаруашылығы сұйытылған мұнай газын қолданатын баллондар таңдауда.

 

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті