ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль шабуылынан Ливанда бір адам қаза тауып, бірі жарақат алды
Ливандық БАҚ-тың мәліметінше, шабуыл Тир аймағындағы Борж Раххал-Ааббасийе тас жолындағы көлікке бағытталған.
Израиль шабуылынан Ливанда бір адам қаза тауып, бірі жарақат алды
Израиль шабуылынан Ливанда бір адам қаза тауып, бірі жарақат алды / AA

Ливандық БАҚ-тың хабарлауынша, Израильдің оңтүстік Ливандағы жаңа дрон шабуылы кезінде бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды.

Мемлекеттік жаңалықтар агенттігі “NNA” бұл шабуыл Тир аймағындағы Борж Раххал-Аббасийе тас жолында көлікті нысанаға алғанын хабарлады.

“Тағы бір Израиль дроны Уата әл-Хийам шекара аймағында дыбыстық бомба тастап, жақын маңдағы мектеп оқушылары арасында үлкен дүрбелең туғызды”, деп мәлімдеді агенттік.

Бұл шабуылға қатысты Израиль армиясы ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Оңтүстік Ливанда бірнеше апта бойы шиеленіс күшейіп келеді. Израиль армиясы күн сайын дерлік Ливан аумағында әуе шабуылдарын жүргізіп, 2024 жылдың қараша айынан бері күшінде тұрған атысты тоқтату келісіміне қарамастан, бұл әрекеттерін «Хезболла мүшелері мен инфрақұрылымын нысанаға алу» деп ақтап отыр.

ҚатыстыИзраиль Ливанның оңтүстігіне әуеден шабуылдады - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Израиль армиясы 2023 жылдың қазан айында басталған және 2024 жылдың қыркүйегінде толыққанды шабуылға айналған Ливанға қарсы шабуылдарында 4,000-нан астам адамды өлтіріп, шамамен 17,000 адамды жарақаттады.

Атысты тоқтату келісімі бойынша, Израиль армиясы биылғы қаңтарда оңтүстік Ливаннан толықтай шығуы тиіс еді. Алайда олар тек ішінара шегініп, шекарадағы бес бекетті тастамады.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр