ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей президенті Путин қызметінен босатқан министр өзін-өзі өлтірді
Роман Старовойт Мәскеу облысында көлігінде табылды. Оның денесінде оқ жарақаты болған.
Ресей президенті  Путин қызметінен босатқан министр   өзін-өзі өлтірді
/ AP

Ресейдің бұрынғы көлік министрі Роман Старовойт президент Владимир Путин ресми түрде қызметінен босатқаннан бірнеше сағат өткен соң өз-өзіне қол жұмсады. Бүл туралы Ресейдің Тергеу комитеті хабарлады.

Дүйсенбі күні комитет Старовойттың денесі Мәскеу маңындағы ауданнан табылғанын мәлімдеді. Оның өліміне «өз-өзіне қол жұмсау» себепболған деп айтылады. 53 жастағы Старовойт 2024 жылдың мамыр айынан бері Ресейдің көлік министрі қызметін атқарған болатын.

Бұған дейін ол Курск облысының губернаторы болған, ол жерде Ресей Украина шабуылына қарсы күрес жүргізген. «Бүгін Роман Старовойттың денесі жеке автокөлігінен оқ жарақатымен Одинцово ауданында табылды», – делінген Тергеу комитетінің мәлімдемесінде. «Негізгі болжам– өз-өзіне қол жұмсау», – деп қосты комитет. Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тары мен ақпарат агенттіктері Старовойттың өзін-өзі атқанын хабарлады. Оның нақты қай уақытта қайтыс болғаны белгісіз.

Бұған дейін бірнеше сағат бұрын Кремль Путин қол қойған жарлықты жариялап, Старовойтты көлік министрі қызметінен босатқанын мәлімдеген еді. Жарлықта тек «Роман Старовойт көлік министрі қызметінен босатылды», – деп жазылған.

Старовойт Украина дрондарының шабуылынан кейін Ресей әуежайларындағы демалыс күндеріндегі көлік хаосынан кейін қызметінен босатылды. Мемлекеттік БАҚ-тар бұл шешімді Курск облысындағы жемқорлық және шекара аймағындағы бекіністерге бөлінген қаражаттың ұрлануына қатысты қылмыстық іс мүмкіндігімен байланыстырды.

Старовойттың өлімі туралы хабарланбай тұрып, Кремль өкілі Дмитрий Песков оның қызметтен босатылуы «сенімнің жоғалуымен байланысты емес» екенін айтқан болатын. Кремль Старовойттың қызметтен босатылғанын жариялағаннан кейін көп ұзамай Путин оның орынбасарларының бірі Андрей Никитинмен кездесіп, оны көлік министрінің міндетін атқарушы етіп тағайындады.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді