ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Алтун: «Әлемдік бейбітшілікке ақиқатқа негізделген жаһандық түсінік арқылы қол жеткізуге болады»
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркия–Қытай медиа форумында сөз сөйлеп, әлемдік бейбітшілік пен тыныштыққа ақиқат пен әділетке бағытталған көзқарас арқылы ғана қол жеткізуге болатынын айтты.
Алтун: «Әлемдік бейбітшілікке ақиқатқа негізделген жаһандық түсінік арқылы қол жеткізуге болады»
/ AA

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Алтун әлемдік бейбітшілік үшін ақиқат пен әділеттілікке негізделген жаһандық түсіністік қажет екенін атап өтті.

Алтун сәрсенбі күні Анкарада Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы ұйымдастырған Түркия–Қытай медиа форумында: «Бейбітшілік пен тыныштық үшін ақиқат пен әділеттікке бағытталған түсіністіктің жаһандық деңгейде үстем болуы аса маңызды», – деді.

Ол сондай-ақ Түркия мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың өзара құрметке, ынтымақтастық пен мәдени жақындыққа негізделгенін атап өтті.

«Жібек жолының рухын бойына сіңірген бұл қарым-қатынас бүгін медиа мен байланыс саласында да жаңа, берік негізге ие болуда», - деді Алтун.

Түркия бейбітшілік пен өркендеу үшін күресуде

Алтун: «Түркия тұрақтандырушы күшімен бейбітшілік және өркендеу үшін күресуде»,- деді.

«Осы көзқараспен еліміз соңғы дағдарыстардың барлығында жауапкершілікті өз мойнына алып, дипломатиялық кездесулер мен бейбіт келіссөздер жүргізді. Біздің негізгі мақсатымыз - барлық салада шындық пен әділдікті үстем ету. Мұның жолы халықаралық коммуникация экожүйесінде, сондай-ақ дипломатияда әділ өкілдікті қамтамасыз ету», - деп қосты ол.

Алтун бүкіл адамзаттың дауысын ести алатын және жалған ақпаратқа төзімді жаһандық медиа құрылымының әлем тыныштығының кілті екенін айтты.

Жалған ақпарат – «жалпыға ортақ мәселе»

Алтун цифрландыру мен жаңа коммуникациялық технологиялардың медиаға үлкен әсер ететінін айтты. Алайда бұл трансформацияның да қиындықтар туғызатынын атап өтті.

«Әсіресе жалған ақпарат, ықпал ету операциялары, жасанды мазмұнды манипуляциялау және цифрлық поляризация сияқты қауіптер тек бір ел немесе аймақ үшін ғана емес, жаһандық қоғам үшін де ортақ мәселе», - деді Алтун.

Ол шындықтың жойылуы жағдайында коммуникацияға сенім, ақпараттың нақтылығы және БАҚ этикасындағы жауапкершілік басым болуы керек екенін атап өтті.

«Мұның жолы көпжақты ынтымақтастық, өзара тәжірибе алмасу және халықаралық медиа ынтымақтастығы. Осыған байланысты біз Түркия-Қытай медиа форумын екі елдің ғана емес, әлемдік медиа қауымдастығының ортақ мүдделеріне қызмет ететін алаң ретінде дамытамыз», - деді Алтун.

Алтун Қытай сияқты дос және стратегиялық серіктес елдермен өзара тәжірибе және ақпарат алмасуға әрқашан басымдық беріп, бұл ынтымақтастықты жоғары бағалайтындарын мәлімдеді.

«Бұл форум да осы түсіністіктің бір көрінісі»,- деп атап өткен ол Түркия мен Қытайдың тек экономикалық ғана емес, өркениет негізіндегі ынтымақтастықты дамыту қабілетіне ие екі ел екенін айтты.

 

Іздеу
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Брюссельде «Өзгерген қауіпсіздік жағдайында Түркия мен НАТО» атты панель өтті
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады