ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: "Түрік халқы жеңіске жетеді"
Ердоған: "Түріктер, күрдтер, арабтар ретінде бауырластықпен құшақтасуымызға кедергі жасай алмайсыздар." деді.
Президент Ердоған: "Түрік халқы жеңіске жетеді"
Президент Ердоған: "Түрік халқы жеңіске жетеді"

Президент Режеп Тайып Ердоған: «Жеңімпаз адамзат майданы болады, бауырластық болады. Бейбітшілік пен тұрақтылық болады. Жеңімпаз 86 миллион азаматы бар түрік халқы болады», — деді.

Президент Ердоған Битлисте Малазгирт жеңісінің 955 жылдығына арналған іс-шарада сөз сөйледі.

Сөзін «Малазгирт жеңісінен Стамбулдың алынуына дейін, Чанаккаледен Ұлт азаттық күреске дейін, терроризммен күрестен 15 шілде дастанына дейін мың жыл бойы осы ардақты отан үшін, осы текті халық үшін жанын берген барша шейітімізді бүгін тағы бір мәрте рақыммен еске аламын» деп бастаған Ердоған: «Бірдей болашақтың, бірдей мақсаттың, бірдей үміттің соңынан ергендер, міне, осында. Түрігімен, күрдімен, арабымен, алевиімен, сүнниімен иық тірестіргендер, міне, осында», — деген сөз қолданды.

Ердоған сөзін былай жалғастырды:

«Ешкімнің күмәні болмасын. Үлкен әрі қуатты Түркияның таңы атты. Түркия ғасырының құрылысы басталды. Екі жыл бұрын Ахлаттан бастау алған «Террорсыз Түркия» процесі өз мақсатына жеткенде, иншаллаһ, халқымыздың алдында жаңа дәуірдің есігі ашылады. Қан саудагерлері ұтылады, террордан пайда көретін алыпсатарлар ұтылады. Географиямызды тұрақсыздыққа батырғысы келетін геноцидшілер ұтылады. Жеңімпаз адамзат майданы болады, бауырластық болады. Бейбітшілік пен тұрақтылық болады. Жеңімпаз 86 миллион азаматы бар түрік халқы болады».

Президент:

«Түркиямен және түрік халқымен бірге аймағымыздағы барша бауырлас халықтар жеңіске жетеді. Бұдан кімдердің мазасы қашқанын білеміз. Кімдердің абыржығанын білеміз. Оларға айтарым: не істесеңіздер де, бізді жолымыздан тайдыра алмайсыздар. Түріктер, күрдтер, арабтар ретінде бауырластықпен құшақтасуымызға кедергі жасай алмайсыздар», — деді.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады