ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Сыртқы істер министрі Стамбулда Балқан елдерінің министрлерімен кездесті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Хакан Фиданның Босния, Сербия, Солтүстік Македония және черногориялық әріптестерімен кездесу өткізгенін хабарлады.
Сыртқы істер министрі Стамбулда Балқан елдерінің министрлерімен кездесті
/ Anadolu Agency
27 Шілде 2025

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Босния және Герцеговина, Сербия, Солтүстік Македония және Черногория елдерінің сыртқы істер министрлерімен Стамбулда өткен Балқан бейбітшілік платформасының Сыртқы істер министрлері кездесуінің аясында жеке-жеке кездесті.

Сенбі күні Хакан Фидан Босния және Герцеговинаның Сыртқы істер министрі Элмедин Конаковичпен, Сербиядан Марко Дуричпен, Солтүстік Македониядан Тимко Мучунскимен және Черногориядан Эрвин Ибрахимовичпен кездесті. Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрлігінің “X” әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Кездесулер Стамбулда Түркияның бастамасымен бірнеше Балқан елінің қатысуымен ұйымдастырылған Балқан бейбітшілік платформасының алғашқы сессиясы аясында өтті.

Бұл платформа аймақ елдері арасында диалогты, өзара сенімді және ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ ортақ аймақтық мәселелерге тұрақты шешімдер іздеуді мақсат етеді.

Іздеу
Мельбурнда Газадағы жағдайға байланысты наразылықтар басталды
Ніл өзенінде бір кеме батып кетті
Түрік азаматтар Газаға көмек жеткізуді күшейтті
Түркия президенті Сирияда бірлік пен бейбітшілікке шақырды
“Украинада ақпан айының соңында президенттік сайлау өтуі мүмкін”
Оңтүстік Корея мен Нидерланд келіссөз өткізді
Харьков облысындағы шабуылда үш бала қаза тапты
Жүздеген адам Австралия парламенті алдында наразылық акциясын өткізді
Нетаньяхудың ұшағы тұтқындау ордері болғанына қарамастан ХҚС-қа мүше үш елдің әуе кеңістігінен өтті
Түркия Сириядағы ДАИШ-ке қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды
Президент Ердоған Әділет және Ішкі істер министрлерін тағайындады
Грекия премьер-министрі Түркияға сапарлай келеді
Ресей Украинаға шабуылдады
Иран жоғары деңгейлі қауіпсіздік басшысын Оманға жіберді
«Украина келіссөздері бойынша атқарылатын жұмыс көп»