ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Газа секторында күн сайын 28 бала қаза табуда
БҰҰ-ның Балалар қоры Израильдің Газа секторына бағытталған геноцид соғысы бақылаусыз жалғасып, әуе шабуылдары, аштық пен гуманитарлық көмектің жетіспеуі салдарынан балалар өлімінің көбейгені туралы ескертті.
Газа секторында күн сайын 28 бала қаза табуда
/ AA

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (UNICEF) Израильдің тоқтаусыз шабуылдары мен гуманитарлық көмекті шектеуі салдарынан Газада күн сайын орта есеппен 28 бала өлімі тіркелетінін мәлімдеді.

UNICEF дүйсенбі күні «X» платформасындағы жазбасында былай деп мәлімдеді: «Бомбалау салдарынан өлім. Тиімсіз тамақтану мен аштық салдарынан өлім. Көмек пен маңызды қызметтердің жетіспеуінен өлім»

Ұйымның айтуынша, Газада күн сайын бір сынып баласына тең, орта есеппен 28 бала өмірден өтуде.

UNICEF шұғыл гуманитарлық көмекке рұқсат беріп, қақтығыстарды тоқтатуға шақырды. Газадағы балалардың азық-түлікке, таза ауыз суға, дәрі-дәрмекке және қорғауға қатты мұқтаж екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ұйым: «Олардың ең басты қажеттілігі – атыстың тоқтатылуы. ДЕРЕУ, ҚАЗІР!», - деді.

Израильдің Газадағы геноциді

Израиль 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында геноцид жасап келеді. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін 61 000-ға жуық палестиналық қаза тапқан, олардың жартысына жуығы әйелдер мен балалар. Он мыңдаған адам жараланған.

Бұл соғыс Газаның денсаулық сақтау және санитарлық инфрақұрылымын толығымен күйретіп, барлық ауруханалардың жабылуына себеп болды және аймақты ашаршылыққа ұшыратты.

Гуманитарлық көмек ұйымдары азық-түлік, дәрі-дәрмек пен жанармай жеткізу Израильдің шекарадағы шектеулеріне байланысты тоқтап тұрғанын хабарлады.

Халықаралық деңгейде артқан атысты тоқтату үндеулеріне қарамастан, Израиль геноцидін жалғастыруда. UNICEF және басқа да гуманитарлық ұйымдар бұл зорлық-зомбылық дереу тоқтатылмаса, Газадағы бала өлімі одан сайын артуы мүмкін деп ескертеді.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады