САЯСАТ
1 ... минут оқылды
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Альбанезе Батыс Шерияның Наблус қаласына қарасты Кусра елді мекенінің қоршауда қалып отырғанын еске салды.
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады

БҰҰ-ның Палестина мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Франческа Альбанезе атысты тоқтату режиміне қарамастан Газа секторы мен басып алынған Батыс Шериядағы шабуылдарын қайта жалғастырған Израиль армиясын «ең арсыз армия» деп атады.

Альбанезе бұл туралы «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Ең арсыз армия тағы да шабуыл жасап жатыр. Батыс Шерияда сарбаздар мен израильдік заңсыз қоныстанушылар су құбырларын кесіп жатыр», — деген Альбанезе Наблусқа қарасты Кусра елді мекенінің қоршауда қалып отырғанын атап өтті.

Ол Газада геноцидтің жалғасып жатқанын айтып, «Израиль 2025 жылдың қазанында атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері 1200-ден астам адамды өлтірді. Олардың 300-і — балалар», — деді.

Израиль армиясы 2023 жылдың қазанында Газа секторына шабуылдарын бастағаннан бері басып алынған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде палестиналықтарға қарсы рейдтер, шабуылдар мен қамауға алу әрекеттері айтарлықтай артқан.

Іздеу
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
Суданда Жедел қолдау күштері шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты
"Мен АҚШ президенті болмасам, Израиль жойылып кетер еді"
Иран: «Ормуз бұғазынан заңсыз өтпек болған супертанкер минаға соғылып, өртке оранды»
Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс күшейді: MQ-9 дроны атып түсірілді
Си, Путин және Моди Бішкекте кездеседі: Еуразия көшбасшылары ШЫҰ саммиті үшін Қырғызстанда
Сирия президенті YPG-нің бұрынғы басшысы Абдиді президент кеңесшісі етіп тағайындады
Иран: «Теңіз блокадасы жалғасса, АҚШ экономикасын құлдыратамыз»