САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Түркия Судандағы шабуылды айыптады
Анкара Суданда жалғасып жатқан қақтығыстарға бейбіт жолмен шешім табу жөніндегі күш-жігерге қолдау көрсететінін қайталады.
Түркия Судандағы шабуылды айыптады
Түркия Судандағы шабуылды айыптады / AFP

Түркия дүйсенбі күні Судандағы БҰҰ базасына жасалған, нәтижесінде алты бангладештік әскери қызметкер қаза тауып, сегіз адам жараланған ұшқышсыз ұшақ аппараты арқылы жасалған шабуылды айыптады.

Түркия Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде «Жантүршігерлік шабуылда қаза тапқан бангладештік сарбаздарға Алладан рақым, жараланғандарға шипа тілейміз», -делінген.

Министрлік Суданның бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудың маңызын атап өтіп, елде жалғасып жатқан қақтығыстарға бейбіт шешім табуға бағытталған күш-жігерге қолдауын қайталады.

Шабуыл Судан армиясы мен Жедел қолдау күштері арасындағы қақтығыс тоқтаусыз жалғасып жатқан кезде болды. 2023 жылдың сәуір айынан бері жалғасып келе жатқан қақтығыстар мыңдаған адамның қаза табуына, миллиондаған тұрғынның босқынға айналуына және әлемдегі ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың бірінің туындауына себеп болды.

Судан армиясы Жедел қолдау күштерін айыптады. Ал көтерілісші топ тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Қаза тапқан әскерлер Судан мен көршілес Оңтүстік Судан басқаратын мұнайға бай әрі даулы шекара аймағында қызмет атқаратын БҰҰ-ның Абьей уақытша қауіпсіздік күштері құрамында болатын.

Өткен апта Оңтүстік Судан екі ел шекарасына жақын орналасқан Батыс Кордофандағы Хеглиг мұнай кен орнындағы қауіпсіздікті Оңтүстік Судан халықтық қорғаныс күштерінің бақылауына беру жөнінде Судан армиясы және  Жедел қолдау күштерімен үшжақты келісімге қол жеткізгенін хабарлаған еді.

Аталған келісім Хеглигтегі мұнай нысандарының қауіпсіздігін Оңтүстік Судан халықтық қорғаныс күштеріне жүктейді.

БҰҰ-ның Абьей уақытша қауіпсіздік күштері миссиясының мерзімі өткен ай ұзартылған болатын.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
АҚШ сенаторы Сандерс Израильге әскери көмек көрсетуді тоқтатуға шақырды
Украинаға “Patriot” зымырандарын беру мәселесі шешілмеді
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті
Франция президенті Парсы шығанағы елдеріне сапарын бастады
Аракчи: «Нетаньяху АҚШ-ты соғысқа итермелеуде»
Палестина балаларды қорғау үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақырды
Ираннан Трампқа: «АҚШ-тың аймақта болмысына алаңдаушылық білдіреміз»
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
Хорватия: «Сербия әскери әлеуетін арттырып жатыр»
19 ел Колумбияның Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»