ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Президент Ердоған Израильді «террор мен басқыншылықты мемлекеттік саясатқа айналдырған қырғын желісі» деп сипаттап, оның соңғы 10 күнде «қиындықпен қол жеткізілген уағдаластыққа» нұқсан келтіргенін мәлімдеді.
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды" / AA

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған аймақта анағұрлым нәзік кезеңнің басталғанын атап өтіп, Израильдің бейбітшіліктің ең кішігірім ықтималдығына да қарсы шығып отырғанын айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) Әділет және даму (АК) партиясының фракциялық жиынында сөйлеген сөзінде Ердоған: «Израильдің бейбітшіліктің ең кішігірім ықтималдығына да төзе алмайтынын білеміз», — деді.

Аймақтағы соңғы оқиғаларға тоқталған Ердоған израильдік саясаткерлердің соңғы 10 күнде жасаған мәлімдемелері «қарсымызда парасаттылықпен әрекет ететін мемлекет емес, бақылаудан шыққан радикалдар тобының бар екенін» көрсететінін білдірді.

Ердоған: «Жағдайдың ушыққаны соншалық, қазір елдің бәрі бір-бірін аз адам өлтірді, аз қан төкті деп айыптауда», — деді.

Израильдегі кейбір топтардың аймақта қарудың үні өшкенін қаламайтынын және қарқынды дипломатиялық күш-жігердің нәтижесінде қол жеткізілген соңғы келісімге нұқсан келтіруге тырысып жатқанын айтқан Ердоған Израильді «террор мен басқыншылықты мемлекеттік саясатқа айналдырған қырғын желісі» деп атады. Сондай-ақ оның соңғы 10 күнде барлық тараптардың талпынысымен қамтамасыз етілген уағдаластықты бұзу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатқанын жеткізді.

Ердоған жауапты тұлғалардың мақсаттарына жеткенге дейін бұл бағыттағы әрекеттерін жалғастыра беретінін де сөзіне қосты.

«Аймағымызға бейбітшілік келетін болса, ол Израильге қарамастан келеді. Аймағымызда тыныштық орнайтын болса, бұл Израильдің арандатушылықтарына қарамастан жүзеге асады», — деген Ердоған «Бұл қырғын желісі не істесе де, аймағымызда бейбітшіліктің, әділдіктің, тұрақтылық пен өркендеудің салтанат құруына бөгет бола алмайды», — деді.

Ердоған Түркияның бейбітшілік орнатудың ешбір мүмкіндігін қалт жібермеу үшін дипломатиялық талпыныстарды қолдауды жалғастыратынын айтты.

«Түркия ретінде бейбітшілік орнатудың ең кішігірім мүмкіндігін де бағалау тұрғысынан бізге қандай міндет жүктелсе, оны орындаудан аянбаймыз», — деген президент Анкараның алдағы кезеңде де Иранды қамтитын дағдарыстың тұрақты шешімін табуын көздейтін күш-жігерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын жеткізді.

Іздеу
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамп: "Ердоған керемет, НАТО үлкен белесті бағындырды"
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды
НАТО-ның назары Анкарада: Көшбасшылар саммиті басталады
Түрік фрегаты АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне арналған мерекеге қатысты
АҚШ президенті Трамптың Анкарадағы бағдарламасы белгілі болды
Джевдет Йылмаз Масуд Пезешкиянмен кездесті
Министр Фидан АҚШ-тың Түркияға қатысты санкциялары мәселесіне тоқталды