Қытайдың Тибет автономиялық ауданында кеше түнде болған 7 балдық жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты.
«Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Тибет автономиялық ауданындағы Нагчу қаласына қарасты Бачен ауданында орналасқан. Зілзала салдарынан 300-ден астам үй қирады.
Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апаттан 16 адам көз жұмып, 32 адам жарақат алды.
Апат аймағына 300 полиция қызметкері мен 347 өрт сөндіруші және құтқарушы жіберілді.
Жараланғандардың он бірінің жағдайы ауыр. Ал жеңіл жарақат алған 21 адам ауруханаларда ем қабылдады.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан аймақта қаза тапқандар саны артуы мүмкін деген қауіп бар.
Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында Тибеттің Шигадзе қаласына қарасты Тингри ауданында болған магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісінен 120 адам қаза тапқан еді.























