Кеше түнде Ресей армиясының Украинаның түрлі аймақтарына жасаған әуе шабуылдарынан 4 адам қаза тапты.
Украинаның Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі таратқан жазбаша мәлімдемеде Ресейдің түнгі уақытта ел аумағына әуеден шабуылдағаны айтылды.
Мәлімдемеге сәйкес, Донецк облысына жасалған шабуылда 2 адам қаза тауып, 2 адам жараланды.
Сондай-ақ Ресей күштерінің Сумы қаласын нысанаға алғаны, бұл шабуыл салдарынан 2 адамның қаза тауып, 1 адамның жараланғаны хабарланды.
Того туы ілінген азаматтық кемеге жасалған шабуылдан 4 адам жараланды
Украинаның Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипер әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей армиясының түнде аймақтағы порт инфрақұрылымына әуе шабуылын жасағанын мәлімдеді.
Кипер шабуыл салдарынан порттағы кеменің зақымданғанын айтып, «Того Республикасының туымен жүрген азаматтық кеме зақымданды. Өкінішке қарай, 4 адам жараланды. Олардың үшеуі ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы ауыр», – деді.
Ресей армиясы 128 дронмен шабуыл жасады
Украина Әуе күштері қолбасшылығының жазбаша мәлімдемесінде Ресей армиясының кеше түнде Украинаның түрлі аймақтарына 128 дрон ұшырғаны айтылды. Оның 106-сы залалсыздандырылған.






















