ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Пәкістан премьер-министрі Шариф Түркияға келеді
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің 2–4 шілде аралығында президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен жасайтын сапарында көліктен экономикаға, саудадан қорғаныс өнеркәсібіне дейінгі түрлі саладағы жаңа ынтымақтастықтарға баса назар аударылады.
Пәкістан премьер-министрі Шариф Түркияға келеді
Пәкістан премьер-министрі Шариф Түркияға келеді

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф министрлер мен іскер топ өкілдерінен құралған делегациямен бірге 2–4 шілде аралығында Түркияға ресми сапармен келеді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен өтетін кездесулер аясында екіжақты және делегацияаралық келіссөздер жүргізу, сондай-ақ Түркия–Пәкістан бизнес-форумын ұйымдастыру жоспарлануда.

Осы орайда соңғы жылдары, әсіресе сауда, экономика, қорғаныс өнеркәсібі және энергетика салаларындағы байланыстарын тереңдеткен екі елдің өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеретіні күтілуде.

Келіссөздер барысында саяси және дипломатиялық қарым-қатынастарға баға беретін Ердоған мен Шариф экономикалық байланыстарды да егжей-тегжейлі талқылайды. Екі елдің іскер топтарының қатысуымен өтетін Бизнес-форумда Түркия мен Пәкістандағы инвестициялық орта, әлеуеті жоғары секторлар және екі мемлекет арасындағы іскерлік пен инвестициялық мүмкіндіктер қарастырылады. Кәсіпкерлер арасындағы кездесулерде де жаңа серіктестік көздері бағаланбақ.

Бұл ретте келіссөздер негізінен «ақпараттық технологиялар және телекоммуникация», «мұнай және бағалы минералдар», «Түркияға бөлу жоспарланған арнайы экономикалық аймақ» және «Пәкістандағы электр таратушы компанияларды жекешелендіру» сынды 4 басты бағытқа шоғырланады. Форумға аталған инвестициялық салаларға жауапты министрлер де қатысады деп болжануда.

Көлік және энергетика салаларындағы бірлескен жобалар күн тәртібінде

Екі ел арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықты арттыру — Анкара–Исламабад бағытындағы басымдық берілген тақырыптардың бірі.

Әсіресе автомобиль және теміржол қатынасындағы ықпалдастыққа мән берген қос мемлекет Исламабад–Тегеран–Стамбул жүк пойызы желісінің жұмысын қайта жандандыруды жоспарлап отыр. Орталық дәліз, Қытай–Пәкістан экономикалық дәлізі және Даму жолы бағыттарындағы бірлескен жобалар да талқыланатын мәселелер қатарында бар.

Көлік инфрақұрылымынан бөлек, энергетика саласындағы серіктестікті ілгерілететін жобалар да келіссөздер барысында сөз болады.

Саудадағы мақсат — 5 миллиард доллар

Түркияның Пәкістанмен арадағы сауда айналымы өткен жылы 1,2 миллиард доллардан асты. Бұл соманың 866,5 миллион долларын Түркияның экспорты құрады. Осылайша Түркия Пәкістанмен сауда қатынасында таза экспорттаушы позициясын сақтап қалды.

Аталған экспорттық тауарлар ішінде ең үлкен үлесті 303 миллион доллармен кемелер мен суда жүзетін көлік құралдары иеленді.

Бұл санаттан кейін 150,2 миллион доллармен мақта және одан жасалған бұйымдар, 95,5 миллион доллармен қазандар, машиналар мен механикалық құрылғылар орналасты. Осылайша аталған 3 негізгі тауар тобы 548,6 миллион доллармен жалпы экспорттың 63,3 пайызын құрады.

Түркияның үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айында жасаған экспорты 196,4 миллион долларға, ал бұл елден жасалған импорты 103,5 миллион долларға жетті. Қол қойылатын жаңа келісімдер арқылы өзара сауда көлемін 5 миллиард долларлық межеге жеткізуге жол ашу көзделіп отыр.

Сонымен қатар соңғы мәліметтерге қарағанда, түрік инвесторларының Пәкістандағы инвестициясы 2 миллиард доллардан асады.

Түрік мердігерлері де бұл елде құны 3,5 миллиард доллар болатын жобаларды өз міндетіне алған. Ал Пәкістан капиталы бар компаниялар Түркияға шамамен 700 миллион доллар көлемінде тікелей инвестиция салды. Бұл инвестициялар арасында автомобиль жасау, электроника және телекоммуникация секторлары алдыңғы орынға шықты.

Айта кетерлігі, Иран мен АҚШ арасында 28 ақпаннан бері жалғасып келген соғысты тоқтатуды мақсат еткен келіссөздерде араағайындық танытып, уағдаластыққа жол ашқан Түркия мен Пәкістан шілде айының басында өтетін осы сапар арқылы экономикалық байланыстарда жаңа ынтымақтастықтарға есік ашатын болады.

Іздеу
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
Түркия Израильді айыптады
Еуропада аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артуда
«Түрік жұлдыздары» Бельгияда көрерменнің қошеметіне бөленді
Сауд Арабиясында тікұшақ апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты
Францияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Түркия жел энергиясы бойынша әлемде 5-ші, күн энергиясы бойынша 10-шы орында
Түркия мен Словения екіжақты қатынастарды нығайтуға деген міндеттемелерін растады
НАТО Парламенттік Саммитіне 20 парламент төрағасы қатысады
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Түркия Венесуэлаға іздестіру-құтқару тобын жібереді
Түрік компаниялары Қытай–Еуразия көрмесіне қатысуда
Қазақстан Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының өндіріс көлемін қысқартты
Түркия мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері жер сілкінісінен кейін көмек мәселесін талқылады
Ресей Қорғаныс министрлігі: «Украинаның 660 дроны тойтарылды»