СПОРТ
2 ... минут оқылды
Диего Марадонаның добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
Аргентинаның Ұлыбританияға қарсы соққан әйгілі голын салған доп голды көрмей қалған төрешіде ондаған жыл бойы сақталған еді.
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
Диего Марадонаның добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды

Аргентиналық футболшы Диего Марадонаның әйгілі «Құдайдың қолы» голында және сол матчтағы жеке өзі соққан голында пайдаланылған доп “Heritage Auctions” мәліметінше 3,35 миллион долларға сатылды.

“Adidas Azteca” добы Аргентинаның Ұлыбританияны 2-1 есебімен жеңген ширек финалдық ойынында қолданылды. Бұл матчта Марадона Әлем кубогы тарихындағы ең есте қаларлық екі голды соққан болатын.

Далластағы аукцион үйі сарапшылар матч кезінде түсірілген фотосуреттермен сәйкестендірген допты сенбі күні 3,35 миллион долларға сатты.

Соңғы баға аукцион алдында кемінде 10 миллион доллар болады деп болжанған сомадан айтарлықтай төмен болды.

Аукцион қарсаңында “Heritage” допты кез келген спорт түріндегі ең әйгілі доп деп сипаттап, оның осы уақытқа дейін сатылған ең құнды футбол жәдігері болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Марадонаның Ұлыбританиға қарсы соққан алғашқы голы қақпашы Питер Шилтонның үстінен допты қолмен торға бағыттағаны үшін «Құдайдың қолы» деп аталды, төрешілер голды есепке алды.

Төрт минуттан кейін Аргентина капитаны өз алаңынан допты алып, бес ағылшын ойыншысын айналып өтіп гол соқты, бұл гол кейіннен ФИФА Әлем кубогының «Ғасыр голы» болып таңдалды.

Матчты басқарған тунистік төреші Әли Бин Нассер допты 36 жыл бойы сақтаған. Бұл доп бұдан бұрын 2022 жылы Лондон аукционында 2 миллион фунт стерлингке (2,37 миллион доллар) сатылған еді.

Осы матчта Марадона киген жейде болса сол жылдың соңында “Sotheby's” аукционында шамамен 9,3 миллион долларға сатып алушы тапты.

Іздеу
Түркия құрамасы Ұлттар лигасын Францияға қарсы матчпен бастайды
Боксшы Хатидже Акбаш Еуропа чемпионатының жартылай финалында
160-тан астам спортшы Ирландия-Израиль матчын бойкоттауға шақырды
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды
Сабаленка мен Рыбакина “US OPEN”чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
«Филенің сұлтандары» екінші рет Еуропа чемпионы атанды
Түркияның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы жартылай финалда
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады
Түркияның баскетболдан ерлер құрамасы Әлем кубогына қатысады
Малатияда «Алтын өрік» шахмат турнирі өтіп жатыр
Волейболдан Түркия әйелдер құрамасы Германияны 3:1 есебімен жеңді
«Фенербахче» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
Криштиану Роналду футболдан кете ме?