ТҮРКИЯ
2 минут оқылды
Түркия Жеңіс күнін тойлауда
Түркия халқы Мұстафа Кемал Ататүріктің жетекшілігімен 1922 жылы қол жеткізіліп, түріктердің Анадолыдағы егемендігін мәңгілік еткен 30 тамыз Жеңіс күнін атап өтуде.
Түркия Жеңіс күнін тойлауда
Түркия жеңіс күнін атап өтуде
30 Тамыз 2025

Түркия грек әскеріне қарсы Думлупынар шайқасындағы жеңістің 103 жылдығын атап өтуде. Бұл жеңіс - Тәуелсіздік соғысының маңызды кезеңі болатын.

Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің жетекшілігімен Ұлы шабуылдың бір бөлігі болған бұл әскери әрекет 1922 жылдың 26 тамызында басталып, 18 қыркүйегінде аяқталды. Бұл жеңіс Түркияның тәуелсіздігін түпкілікті бекітті.

Тарихшылардың айтуынша, Ататүрік қолбасшылық еткен бұл жеңіс Түркияның өз тағдырын айқындау жолындағы қайсарлығын және Анадолыдағы тәуелсіздігін әлемге паш етті.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған халықты Жеңіс күнімен құттықтап, оның тек әскери жеңіс қана емес, «ұлтымыздың қайта түлеуінің, өмір үшін күресінің және мәңгілік тәуелсіздігінің айғағы» екенін атап өтті.

Президент Ердоған: «Бүгінгі міндетіміз – 30 тамызда тұтанған тәуелсіздік шырағын бірлік пен ынтымақ арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу», – деді.

Түрік тарихы қоғамының төрағасы Юксел Өзген бұл жеңісті 1071 жылғы Малазгирт жеңісімен салыстырып, оны түрік халқының Анадолыда тамыр жаятынын әлемге жария еткен тарихи сәт деп атады.

Өзген: «Малазгирт шайқасы бізге осы аймақтың есігін ашып, жаңа көкжиек, жаңа өркениет құруға мүмкіндік берсе, Ұлы шабуыл мен 30 тамыз Жеңіс күні түріктердің Анадолыда мәңгілік үстемдік ететінін әлемге паш етті», – деді.

Сондай-ақ ол: «[…] Ұлы шабуыл империалистік күштердің отаршылдық саясатын жойды. Сондай-ақ түріктерді алдымен Еуропадан, кейін Анадолыдан шығарып, Орталық Азияға ығыстырмақ болған арам пиғылдарына соққы берді», – деп қосты.

Басқыншылықтың аяқталуы

Османлы империясының Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілісінен кейін Антанта мемлекеттері ел аумағын басып алған болатын. Бұл жағдай бүкіл ел бойынша «Азаттық соғысы» деп аталатын қайсар жалпыұлттық қозғалысты тұтатты.

Мұстафа Кемал Ататүріктің жетекшілігімен түрік әскері Анадолыдағы басқыншыларды жойды.

1922 жылдың 30 тамызда Күтахияның батысындағы Думлупынарда өткен шешуші шайқаста грек күштері жеңіліске ұшырап, түрік әскері жеңіске жетті.

1922 жылдың соңына қарай шетелдік әскерлер елден шығарылып, келесі жылы Түркия Республикасының жариялануына негіз болды.

Осындай маңызды күнде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған министрлер және генералдармен бірге Анытқабірге гүл шоғын қояды.

Іздеу
Хорватияда Түркияның өрт сөндіру ұшағы құлады
Шейіт болған әскери қызметкерлердің мүрделері Түркияға жеткізілді
Түркия Үндістан медиасының айыптауларын теріске шығарды
ЕО Даму Банкі Түркияға инвестиция салуды жоспарлауда
Әлем елдері Түркияға көңіл айтты
Түркия әскери жүк ұшағы Грузия-Әзербайжан шекарасына жақын жерде апатқа ұшырады
Ердоған мен Кобахидзе түрік әскери ұшағының апатынан кейін телефонда сөйлесті
Грузияда әскери жүк ұшағының апатынан 20 түрік сарбазы қаза тапты
Хакан Фидан АҚШ-тың Сирияның біртұтас ел ретінде сақталуының маңызын түсінгенін мәлімдеді
"Түркияны нығайту Ататүріктің мұрасын құрметтеу дегенді білдіреді"
Түркия Ататүріктің Салоникидегі үйін қайта ашты
Түркия ұлы көсем Ататүрікті еске алуда
Президент Ердоған АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтары бойынша берген уәдесін орындайтынына үміттенеді
Стамбулда «Газа болашағы» халықаралық саммиті өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі  АҚШ-қа аттанады
Түркияның жоғары деңгейдегі делегациясы Пәкістанға барады
Түркияда кибер тыңшылыққа қарсы рейдтерде екі күдікті қамауға алынды
Түркияның Сириядағы рөлі жоғары бағаланды
Түркия Газа секторындағы гуманитарлық көмекті "жеткіліксіз" деп атады
Түркия мен ХАМАС өкілдері кездесті