САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израильдік заңсыз қоныстанушылар Ақса мешітіне басып кірді
Иерусалим билігі заңсыз қоныстанушылардың мешіт кешенінде діни рәсім өткізгенін хабарлады.
Израильдік заңсыз қоныстанушылар Ақса мешітіне басып кірді
Израильдік заңсыз қоныстанушылар Ақса мешітіне басып кірді / AP

Иерусалим басшылығы Израиль полициясының қорғауымен шамамен израильдік 200 заңсыз қоныстанушы Әл-Ақса мешіті кешеніне кірді деп хабарлады.

Мәлімдемеде 182 қоныстанушының қасиетті орынға күшпен кіріп, Куббат ас-Сахра маңында Талмуд рәсімдерін орындағаны айтылды.

Сонымен қатар Израиль билігі басқаратын қақпа арқылы 778 шетелдік турист мешіт кешеніне кіргені хабарланды.

Ресми деректерге сәйкес, қараша айында израильдік заңсыз 4 266 қоныстанушы және шамамен 15 000 шетелдік турист кешенге кірген.

Ақса мешіті - мұсылмандар үшін әлемдегі үшінші ең киелі мекен.

Израиль 1967 жылғы Араб‑Израиль соғысы кезінде Ақса мешіті орналасқан Шығыс Иерусалимді басып алды. Қаланы болса 1980 жылы аннексиялады. Бұл қадамды халықаралық қауымдастық мойындамады.

Израильдің қайталанған саясаты

Ақса мешіті ұзақ уақыт бойы оккупация күштерінің қорғауымен израильдік қоныстанушылардың талай рет басып кіруіне куә болды. Олар көбінесе 1967 жылдан бері Израиль полициясының бақылауында тұрған Марокко қақпасынан өтеді.

Иерусалим қоры кешеннің тек мұсылмандардың ғибадат ету орны екенін алға тартады.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді