ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түркияның әскери жетістіктерін жоғары бағалады
Президент Режеп Тайып Ердоған үкіметінің елді одан әрі нығайту және жаңа, қуатты, әрі ұлы Түркияны өскелең ұрпаққа аманат ету жолындағы табандылығын тағы да қайталады.
Президент Ердоған Түркияның әскери жетістіктерін жоғары бағалады
Президент Ердоған Түркияның әскери жетістіктерін жоғары бағалады / AA

Сәрсенбі күні президент Ердоған Анкараның қорғаныс саласында өңірлік және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды қадам басқанын, бұл қадамның Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік ұсынған «Елде бейбітшілік ˗ әлемде бейбітшілік» сыртқы саясат қағидатымен үндес екенін айтты.

Ішкі бірлікті нығайтуға бағытталған күш-жігерге, әсіресе қорғаныс өнеркәсібіндегі маңызды жетістіктерге тоқталған Ердоған: «Өңірімізде және одан тыс аймақтарда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін табанды күрес жүргізіп келеміз», - деді.

Жаңа жыл түні ол ел астанасы Анкара қаласының Полатлы ауданындағы Артиллерия және зымыран мектебі қолбасшылығында қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлерге телефон арқылы үн қатты.

Ердоған «Аltay» танктері, «Fırtına» гаубицалары, «АTAK» тікұшақтары, қарулы және қарусыз ұшқышсыз әуе аппараттары, алыс қашықтықтағы зымырандар, әуе қорғанысы жүйелері, соғыс кемелері, сүңгуір қайықтар және ұшқышсыз теңіз аппараттарын қоса алғанда, Түркияның артқан әскери қуаты отандық өндіріс мүмкіндіктерінің дамығанын көрсетінін атап өтті.

«Қорғаныстың барлық саласында үлкен серпіліс жасаудамыз», - деген Ердоған елдің өз ресурстарын пайдалана отырып, өзін-өзі қамтамасыз ететін әскери инфрақұрылым қалыптастырғанын айтты.

Ол елеулі қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, Түркияның соңғы жетістіктерін тұрақты, әрі ұзақ мерзімді табысқа айналдыру үшін тарихи мүмкіндікке ие болғанын жеткізді.

Президент Режеп Тайып Ердоған үкіметінің елді одан әрі нығайту және жаңа, қуатты, әрі ұлы Түркияны өскелең ұрпаққа аманат ету жолындағы табандылығын тағы да қайталады.

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді