ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 минут оқылды
Үндістан мен Бутан алғашқы трансшекаралық теміржолын салмақ
450 миллион доллардан астам қаржымен жоспарланған теміржол жобасы Оңтүстік Азияда инфрақұрылымды жаңғыртуды және өңірлік экономикалық байланыстарды нығайтуды мақсат етеді.
Үндістан мен Бутан алғашқы трансшекаралық теміржолын салмақ
Бутан жаңа пойыздар инвестиция мен туристерді тартуға көмектесетініне үміт білдіреді. [Мұрағаттық сурет] / Reuters
30 Қыркүйек 2025

Үндістан мен Бутан дүйсенбі күні екі елді байланыстыратын алғашқы трансшекаралық теміржол желісін салатынын жариялады.

454 миллион долларлық бұл жобаны төрт жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Үндістан Сыртқы істер министрлігінің хатшысы Викрам Мисри Бутанның басты сауда серіктесі саналатын Үндістанның Гималайда орналасқан бұл патшалық елдің инфрақұрылымы мен экономикасын жаңғыртуда «маңызды рөл атқаратынын» атап өтті.

Үндістанның Теміржол министрі Ашвини Вайшнав теміржол жобасы «Бутан халқы үшін үлкен пайда әкелетінін» айтты.

Вайшнав: «Бүкіл өңір өзара байланысады. Қазір бірнеше күнге созылатын жүк тасымалы бірнеше сағат ішінде жүзеге аса бастайды», - деді.

Алғашқы кезеңде құны 34,56 миллиард рупий (390 миллион доллар) болатын 69 шақырымдық теміржол желісі Үндістанның солтүстік-шығысындағы Кокраджхар қаласын Бутандағы 10 мың тұрғыны бар Гелепху қалашығымен байланыстырмақ.

«Оңтүстік Азияның орталығы»

Құны 5,77 миллиард рупий (65 миллион доллар) болатын 20 шақырымдық екінші теміржол желісі Бутанның солтүстік-батысындағы өнеркәсіп орталығы Самцхені Үндістанның шығысындағы Банархатпен байланыстырады.

Кішкентай, теңізге шыға алмайтын әрі халқы 800 мыңнан аз Бутан Қытай мен Үндістанның арасында орналасқан. Ел өсім ұғымына емес, «Жалпы ұлттық бақыт» саясатына басымдық беруімен танымал.

Бутан Гелепхуды шетелдік инвестициялар мен туристерді тартатын экономикалық аймақ ретінде дамытуды көздеп отыр. Жаңа теміржол бұл мақсат үшін шешуші рөл атқармақ.

Мисридің айтуынша, «Бұл өңір Бутанды Оңтүстік Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын экономикалық орталық ретінде жобалануда».

Вайшнав жаңа теміржол желілерінің электрлі тасымалдауда қолданылатынын және мүмкіндігінше экологиялық таза дизайнда болатынын мәлімдеді.

Іздеу
Филиппинде жер сілкініп, ондаған адам қаза тапты
ЕО Украинаға ресейлік активтерге негізделген несие ұсынды
АҚШ Иранның 100  азаматын еліне қайтарды
Вьетнамда тайфуннан қаза тапқандар саны артуда
«YouTube» Трамптың сот ісін реттеу үшін 24,5 миллион доллар төлейді
«Ресей Украинадағы «әділетті соғыста» басымдыққа ие»
«Украина Еуропа Одағына қосылуы керек»
Әлемнің сот-медицина сарапшылары Түркияда басқосты
Вьетнамда Буалой тайфуны салдарынан кемінде 9 адам қаза тапты
Трамп Газада бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Пезешкиян АҚШ-ты Иранның өз күшімен дамуына кедергі жасады деп айыптады
Иран Израиль үшін тыңшылық жасағаны үшін сотталған адамға өлім жазасын берді
Жаһандық «Sumud» флотилиясы Мысырдың солтүстік жағалауына жақындап келеді
Дания азаматтық ұшқышсыз әуе аппараттарының ұшуына тыйым салды
Түркия НАТО-ның "Tiger Meet" жаттығуына қатысуда
Армения Әзербайжанмен бейбітшілік орнағанын білдірді