САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Канаданың жаңа премьер-министрі Карни Трамппен маңызды келіссөздер жүргізу үшін Вашингтонға барды
АҚШ президенті АҚШ-Канада байланыстарының шиеленіскен кезеңінде қайта сайланған канадалық көшбасшымен кездесуге дайындалуда.
Канаданың жаңа премьер-министрі Карни Трамппен маңызды келіссөздер жүргізу үшін Вашингтонға барды
/ AP

Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізу үшін Америка Құрама Штаттарына барды. Бұл сапар Трамптың Канадаға қарсы сауда соғысы мен аннексия қаупі кезеңінде болуымен назар аударады. Карнидің Ақ Үйге сапары сайлаудағы жеңісінен бір аптадан кейін болды. Карни сейсенбі күні Ақ Үйде Трамппен кездеседі.

28 наурызда өткен алғашқы телефон әңгімесінен кейін Трамп «Канададағы сайлаудан кейін саясат, бизнес және басқа да мәселелерді талқылау үшін кездесеміз. Бұл Америка Құрама Штаттары үшін де, Канада үшін де нәтижелі болады» деп мәлемдеді.

Мазасыздық күшеюде

Трамп бұған дейін Канададан келетін импорттың басым көпшілігіне 25 және канадалық энергетикалық өнімдерге 10 пайыздық баж салығын енгізген болатын.

АҚШ президенті ағаш, сүт өнімдері және болат пен алюминийге қосымша тариф енгіземін деп қорқытып, Канаданы «51-штат» деп атады. Ал Канада АҚШ көліктері мен бөлшектеріне 25 пайыздық баж салығын енгізді. Премьер-министр Марк Карни сауда келіссөздерін Канаданың шарттары бойынша жүргізуге және жаһандық серіктестікті тереңдетуге уәде берді.

Онтарио штатының жауап ретінде электр энергиясына қосымша салықты тоқтатуы Трампты металдарға жоғары тарифті кейінге қалдыруға итермеледі, бірақ АҚШ пен Канада арасындағы сауда шиеленісі әлі де жалғасуда.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады