Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
«Әзербайжан мен Түркия арасындағы достық және бауырластық қарым-қатынас бұрынғыдай берік, алдағы уақытта одан әрі нығая түседі».
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов / Anadolu Agency (Wire)

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Әзербайжан мен Түркия арасындағы достық және бауырластық байланыстардың берік екенін және алдағы уақытта одан әрі нығая түсетінін атап өтті.

«Президент Режеп Тайып Ердоғанның 8 қарашада Әзербайжанда өткен Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатысып, президент Ильхам Әлиевпен бірге екі елге және бүкіл әлемге жолдаған үндеулері – осының айқын дәлелі», – деді Байрамов.

Министр бұл туралы Әзербайжанға сапарлай барған Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефульмен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты.

Журналистің сұрағына жауап берген Байрамов: «Әзербайжан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас – екі дос әрі бауырлас халықтың байланысы. Екі мемлекет арасындағы жақындықтың деңгейі өте жоғары», – деді.

Байрамов Түркия мен Әзербайжанның Шуша декларациясы арқылы қарым-қатынастарын одақтастық деңгейіне көтергенін еске салды.

«Сонымен қатар әр мемлекетте өзіндік ішкі үдерістер жүріп жатыр. Әр елдің өз даму жолы бар. Тіпті осындай жақын әрі бауырлас қарым-қатынас жағдайында да бір елде екінші елде болып жатқан оқиғаларға қатысты түрлі пікірлер айтылуы мүмкін», – деді министр.

Байрамов Әзербайжанның бұл мәселедегі ұстанымы айқын екенін атап өтіп, былай деді: «Әзербайжанның өзіндік даму моделі бар және ел осы бағытта алға жылжып келеді. Әзербайжан мен Түркия арасындағы достық және бауырластық қарым-қатынас қазір де бұрынғыдай берік, болашақта одан әрі нығая түседі. Президент Режеп Тайып Ердоғанның 8 қарашада Әзербайжандағы Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатысып, президент Ильхам Әлиевпен бірге екі елге және бүкіл әлемге жолдаған үндеулері – осының айқын дәлелі».

 

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр