ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Индонезия Газаға орналастыру үшін 20 000 қызметкер дайындауда
Джакарта Вашингтон қолдайтын БҰҰ бейбітшілік сақтау күштері үшін екі жол картасын ұсынады.
Индонезия Газаға орналастыру үшін 20 000 қызметкер дайындауда
Индонезия Газаға орналастыру үшін 20 000 қызметкер дайындауда / AP

Индонезия Газаға орналастыру үшін 20 000 қызметкер дайындап қойғанын білдірді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрі Шафри Шямсоэддин хабарлады.

“Медициналық топтар мен инженерлерді қамтитын бұл күш қажетті халықаралық рұқсат алынғаннан кейін жіберілуі мүмкін”, — деді Шямсоэддин журналистерге.

Ол Джакартаның осы міндет үшін екі мүмкін бағытты қарастырып жатқанын айтты: бірі Біріккен Ұлттар Ұйымының қатағында болса, екіншісі «АҚШ президентінің бастамасымен құрылған халықаралық ұйымның келісімімен» жүзеге асырылуы мүмкін.

“Екінші нұсқа жоғары деңгейдегі дипломатиялық қатынастар мен мемлекет басшылары арасындағы келісімдерді талап етеді”, — деді ол.

Ол «Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр, Катар және Біріккен Араб Әмірліктері секілді Араб елдері рұқсат берсе, Индонезия қатысуға қуанышты болады», — деді. Министр сонымен бірге Израильдің келісімі де маңызды екенін баса айтты.

Бұл жоспар АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы соғысты аяқтауға арналған 20 тармақтық ұсынысының бірінші кезеңіне сай келеді.

Иорданиямен барлау мәліметтерін алмасу

Шямсоэддиннің сөзі Иордания королі Абдулла II-нің Джакартаға сапары кезінде айтылды. Сапар барысында король Газаның жағдайын талқылау үшін Индонезия президенті Прабово Субиантомен кездесті.

Министр Индонезия мен Иордания Газадағы өзгерістер туралы барлау мәліметтерін бөлісетінін айтты.

Иордания Қарулы Күштері жетекшісі Юсеф Ахмед әл-Хунейтимен кездескеннен кейін Шямсоэддин «Біз барлау мен жаңартуларды алмасу үшін бірлесіп комитет құрамыз. Иорданияның Газаға географиялық жақындығын ескерсек, жердегі жағдайды жақсырақ түсіну үшін онымен ынтымақтастықта болу стратегиялық мәнге ие», — деді.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы