ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Италия Түркияның заңсыз көші-қонды бақылаудағы рөлін жоғары бағалады
Ердоған, Мелони және Дибейбе адам саудасы желілерімен күресу, көші-қон ағындарын басқару және Ливия басқаратын тұрақтандыру үдерісін қолдау мақсатында бірлескен шаралар қабылдауға келісті.
Италия Түркияның заңсыз көші-қонды бақылаудағы рөлін жоғары бағалады
/ AA

Стамбулда өткен үшжақты саммитте Италия Түркиямен заңсыз көші-қон ағынын басқарудағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, нәтижелерді «керемет» деп сипаттады.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони және Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе ортақ мәселелерге байланысты ынтымақтастықты талқылау үшін басқосты. Саммиттің басты күн тәртібі заңсыз көші-қон болды.

Мелони осы мәселе бойынша Түркиямен қол жеткізілген тамаша нәтижелерді жоғары бағалап, Түркияның ынтымақтастығынан алынған тәжірибелерді Ливияның көші-қонын қолдау үшін қолдануға қызығушылық танытты.

Италия үкіметі таратқан мәлімдемеде: «Премьер-министр Мелони адам саудасымен айналысатын халықаралық қылмыстық желілерге қарсы күрес, заңсыз көші-қонның алдын алу шараларын жетілдіру және Ливияның көші-қон қысымын басқаруына қолдау көрсету мақсатында бірқатар шараларды әріптестерімен талқылады», — делінген.

Сондай-ақ көшбасшылар Ливияның бірлігіне, тәуелсіздігіне және саяси тұрақтылығына деген берік ұстанымдарын тағы бір мәрте растады.

Мелони Ливия халқының жетекшілігімен және БҰҰ-ның қолдауымен жүргізілетін саяси үдерісті қолдайтынын атап өтіп, шынайы сайлау өткізуге қолайлы жағдай жасауды мақсат ететіндерін жеткізді.

Үш тарап нақты бір уақыт аралығында жүзеге асырылатын қадамдарды айқындау үшін техникалық деңгейдегі келіссөздерді қайта бастауға келісті.

Түркия Президентінің аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Жерорта теңізіндегі аймақтық мәселелерге, әсіресе заңсыз көші-қонмен күрестегі үшжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты