САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ вице-президенті Нетаньяхуға Газада атысты тоқтатуға мүмкіндік беруге кеңес берді
Израильдің ақпарат көздері Нетаньяхудың АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Газадағы атысты тоқтатуды сақтау және келісімнің келесі кезеңіне өту туралы үндеуіне ашық екенін айтты.
АҚШ вице-президенті Нетаньяхуға Газада атысты тоқтатуға мүмкіндік беруге кеңес берді
АҚШ вице-президенті Нетаньяхуға Газада атысты тоқтатуға мүмкіндік беруге кеңес берді / AP

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Беньямин Нетаньяхуға Газадағы атысты тоқтату жөніндегі келісімге мүмкіндік беру туралы өтініш жасағаны хабарланды.

Израильдің «Channel 12» телеарнасы АҚШ пен Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап, Вэнстің Нетаньяхумен кездесуде «Келісімге бір мүмкіндік беріңіз және бізге де өз ісімізді реттеу үшін уақыт беріңіз» дегенін жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, Нетаньяху Вэнске келісімге мүмкіндік беруге дайын екенін айтып, «Мен де келісімнің нәтижелі болғанын қалаймын», – деп мәлімдеген.

Кездесуге қатысқан америкалық шенеуніктің айтуынша, Нетаньяху атысты тоқтату режимін жалғастыру және келісімнің келесі кезеңдерін жүзеге асыру қажеттігі туралы Вэнстің үндеуіне ашық екенін айтқан.

Тағы бір дереккөздің хабарлауынша, АҚШ әкімшілігі Газаға орналастырылуы жоспарланған халықаралық күшке араб елдерінен экономикалық, әскери және дипломатиялық қолдау табуға тырысуда. Сонымен қатар Газа аймағын қайта қалпына келтіру үшін бейбітшілік кеңесін құру көзделіп отыр.

Ресми сапармен Израильде жүрген Джей Ди Вэнс сәрсенбі күні Батыс Иерусалимде Нетаньяхумен кездескен болатын.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты