САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Еуропа елдері Ирандағы азаматтарына үндеу жасады
Үкіметті қолдайтын және үкіметке қарсы наразылықтар жалғасып жатқандықтан Еуропаның кейбір елдері Ирандағы тұрақсыздыққа байланысты өз азаматтарына Ираннан кетуді ұсынды.
Еуропа елдері Ирандағы азаматтарына үндеу жасады
Еуропа елдері Ирандағы азаматтарына үндеу жасады / Reuters

Бірқатар Еуропа елі үкіметке қарсы, әрі үкіметті қолдайтын шерулердің тоқтамауы және АҚШ-тың Иранға соққы беруі мүмкін деген алаңдаушылықтың күшеюі салдарынан қауіпсіздік жағдайы нашарлағанын айтып, азаматтарын Ираннан кетуге шақырды.

Сәрсенбі күні Испания Сыртқы істер министрлігі азаматтарына елден кетуді ұсынды. Министрлік бүкіл ел бойынша ахуал тұрақсыз екенін атап өтіп, жаңартылған сапарға қатысты ескертуде.  «Иранда жүрген Испания азаматтарына бар мүмкіндіктерді пайдаланып, елден шығу ұсынылады. Ел көлемінде жағдай тұрақсыз. Әртүрлі дереккөздерде кейбір шерушілердің қаза тапқаны және тұтқындаулар болғаны хабарланды», - делінген.

Италия да қауіпсіздікке байланысты азаматтарын Ираннан кетуге шақырған үндеуін қайталады. Италия Сыртқы істер министрлігі қазіргі таңда Иранда шамамен 600 Италия азаматы барын, олардың басым бөлігі Тегеранда екенін мәлімдеді.

Министрлік аймақта 900-ден астам Италия Қарулы күштері қызметкері бар екенін айтып, көрші елдерде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерді қорғау үшін шаралар қабылданғанын жеткізді.

Польша да осыған ұқсас ескерту жариялап, азаматтарын Ираннан дереу кетуге шақырды, әрі бұл елге бармауға кеңес берді.

Германия да негізсіз ұсталу қаупі барын ескертіп, Иранда жүргендерді елден кетуге шақырды және бұл елге бармауға кеңес берді.

Аракчи үкіметтің бақылауды өз қолында ұстап отырғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран үкіметке қарсы шерушілер мен олардың жетекшілерін өлім жазасына кескен жағдайда Иранға қарсы әскери операция жасалуы мүмкін екенін ескертті. Ал сәрсенбі күні бірнеше айыптау мен қоқан-лоққылардан кейін «Бізге Иранда өлім-жітім азайғаны айтылды», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Иранға қоқан-лоққы көрсетті

Трамп АҚШ-тың қандай жауап қайтаратыны жөнінде нақты мәлімет бермеді. Оның бұл мәлімдемесі әрекетке көшуді кейінге қалдыра ма, жоқ па, ол жағы анық емес.

Иранда желтоқсан айының соңынан бері ұлттық валютаның күрт құнсыздануы мен экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты наразылық өршіп тұр. Шерулер Тегерандағы Үлкен базарда басталып, кейін көптеген қалаға тарады.

Иран билігі оқиғаларды сыртқы күштердің араласуымен байланыстырып, шерушілерді «террорлық әрекетке барды деп»  айыптады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ шабуыл жасаған жағдайда қарымта қайтаратынын мәлімдеді

Сәрсенбі күні  Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-тың «Fox News» арнасындағы «Special Report» бағдарламасына сұхбат беріп, «Үш күнге созылған операциялардан кейін қазір тыныштық орнады. Бақылау толықтай бізде», - деді.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады