ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Анталия дипломатия форумы басталды
Түркия 150-ден астам ел мен әлем көшбасшыларын біріктірген Анталия дипломатия форумын бесінші рет өткізіп отыр.
Анталия дипломатия форумы басталды
Анталия дипломатия форумы-2026 басталды

Әлем көшбасшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларды бір арнаға тоғыстырған Анталия дипломатия форумы бесінші рет жаһандық белгісіздіктің күшеюін талқылау мақсатында жұма күні Түркияда басталды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен және Түркия Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін үш күндік форум Жерорта теңізінің оңтүстігіндегі Анталия қаласында өтеді. Форумның тақырыбы  - «Болашақты жобалау, белгісіздіктерді басқару».

Іс-шараға 150-ден астам ел қатысуда. Олардың қатарында 20-дан астам мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ шамамен 15 вице-президент бар.

Форумға бұдан бөлек 50-ден астам министр (оның ішінде 40-тан астамы Сыртқы істер министрлері) және 75 халықаралық ұйым өкілдері қатысуда.

Жалпы алғанда 460-тан астам жоғары деңгейлі қатысушы, сондай-ақ ғалымдар мен студенттерді қоса есептегенде шамамен 5 мыңға жуық адам келмек.

Мемлекет басшыларының жартысы Африка мен Еуропа елдерінен. Ал Сыртқы істер министрлерінің басым бөлігі Африка, Еуропа және Азиядан.

Форум аясында жаһандық жағдайдың өзгеруіне ерекше назар аударатын, саяси, экономикалық, экологиялық және технологиялық қауіпті қамтитын 40-тан астам панель мен түрлі іс-шара өтеді.

Отырыстар форумның ресми сайты мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, олардың көпшілігін Түркияның TRT телерадиокорпорациясы таратуда.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Балқан бейбітшілік платформасының Сыртқы істер министрлері кездесуіне, Газаға арналған отырысқа, Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне және Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы–Мысыр арасындағы кездесуге қатыспақ.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады