ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Оңтүстік Корея Қытаймен ынтымақтастығын нығайтпақ
Жаңа келісім сирек кездесетін жер элеметтерін жеткізу тізбегіне бағытталады.
Оңтүстік Корея Қытаймен ынтымақтастығын нығайтпақ
Жаңа келісім сирек кездесетін жер элеметтерін жеткізу тізбегіне бағытталады. / Reuters

Оңтүстік Корея жоғары технологиялар үшін қажет сирек жер элементтерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету жоспарларын жариялай отырып, маңызды минералдардың жеткізу тізбектерінде Қытаймен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Бұл мәлімдеме Сеулдің осы аптада одақтастары және серіктестерімен бірге АҚШ жетекшілігімен құрылған және стратегиялық маңызы бар материалдар бойынша Қытайға тәуелділікті төмендетуге бағытталған маңызды минералдар блогына қосылу туралы шешімінен кейін жасалды.

Сауда министрлігінің хабарлауынша, кореялық компаниялардың Қытай минералдарын тез әрі сенімді импорттауына көмектесу үшін Қытай билігімен жедел байланыс желісі мен бірлескен комитет құрылады.

Министрлік таратқан мәлімдемеде жартылай өткізгіштер, электр көліктерінің аккумуляторлары және мұнай-химия саласындағы жетекші компаниялар шоғырланған Оңтүстік Кореяның сирек жер элементтері бойынша толыққанды жеткізу тізбегіне ие емес екені атап өтілді.

Ресми тұлғалардың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік үшін аса қажет 17 маңызды минерал айқындалып, минералдар тапшылығының күтпеген жағдайларын болдырмау мақсатында жеткізу әрекеттеріне мониторинг пен талдау күшейтіледі.

Сирек кездесетін жер элементтеріне бақылау

Министрлік ресурстарды әртараптандыру үшін Сеулдің АҚШ, Вьетнам және Лаос сияқты елдермен де ынтымақтастық орнататынын мәлімдеді. Үкімет шетелдегі кен орындарын игерумен айналысатын жергілікті компанияларды қолдау үшін 250 миллиард вон (шамамен 172,35 миллион АҚШ доллары) көлемінде мемлекеттік қор бөлуді жоспарлап отыр.

Пекин қазан айында жартылай өткізгіштерді пайдаланушыларға қосымша тексеру енгізу арқылы сирек жер элементтеріне бақылауды күшейтті. Сол кезде Оңтүстік Кореяның Сауда министрлігі Қытайдың сирек жер элементтері саласындағы монополиясы жаһандық жеткізу тізбектеріндегі тұрақсыздықты арттырып отырғанын хабарлаған болатын.

Оңтүстік Корея сәрсенбі күні Вашингтон жариялаған, жеткізу тізбектерінің кез келген ел тарапынан геосаяси қысым құралы ретінде пайдаланылуына жол бермеуді көздейтін әрі маңызды минералдар үшін артықшылықты сауда блогы саналатын Геостратегиялық өзара іс-қимыл форумына төрағалық етуге таңдалды.

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Чо Хён Вашингтондағы кездесуде маусым айына дейін блокқа төрағалық ететін Сеул жеткізу тізбектерін қорғау үшін серіктестермен үйлестіруді күшейтіп, жобаларға инвестиция салуды ынталандыратынын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Оңтүстік Кореямен сауда келісімін жасасты
Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады