ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Пәкістан және Сауд Арабиясымен бірге қол қойылған Бірлескен қорғаныс келісімі арқылы аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мықты ұстаным танытылғанын айтты.
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
(МҰРАҒАТ) Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті.

Түркия Президенті әкімшілігінің Коммуникация басқармасы таратқан мәлімдемеге қарағанда, Ердоған мен Трамптың әңгімесінде Түркия-АҚШ қарым-қатынастарымен қатар аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Президент Ердоған Иран мен АҚШ арасындағы текетіресте дипломатияның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдаланудың маңызды екенін, келіссөздердің жалғасуын тілейтіндерін және Түркияның бейбітшілік орнату күш-жігеріне қолдау көрсетуді жалғастыратынын білдірді.

Әңгіме барысында Ердоған Пәкістан және Сауд Арабиясымен бірге (өткен аптада) қол қойылған Бірлескен қорғаныс келісімі арқылы аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында мықты ұстаным танытқандарын атап өтті.

Президент сонымен бірге Газадағы бейбітшілік процесінің екінші кезеңіне өту көзделген кезеңде Израиль билігінің палестиналықтарға бағытталған агрессиялық әрекеттерінің жиілегенін айтып, Түркия ретінде аймақта тұрақты бейбітшілік орнатуға және Газаны қайта қалпына келтіру үшін жасалатын қадамдарға қолдау көрсетуді жалғастыратындарын баса айтты.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды