ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты мәлімдеме жарияланды
«Террорсыз Түркия» және «Террорсыз аймақ» мақсаттары аясында басылған қадамдар мен қол жеткізілген нәтижелер сараланды»
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты мәлімдеме жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (MGK) президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Президент кешенінде жиналды

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысы президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Президенттік кешенде өтті.

Отырыстан кейін жарияланған мәлімдемеге сәйкес, жиында ең алдымен PKK/KCK-PYD/YPG, FETÖ және ДАИШ секілді лаңкестік ұйымдарды қоса алғанда ұлттық бірлік пен тұтастыққа, сондай-ақ мемлекеттің өміршеңдігіне төнетін барлық қауіп-қатерге қарсы ел ішінде және шетелде табандылықпен әрі нәтижелі жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен соңғы кезеңдегі халықаралық оқиғалар туралы Кеңес мүшелеріне ақпарат берілді.

Мәлімдемеде: «Террорсыз Түркия» және «Террорсыз аймақ» мақсаттары аясында басылған қадамдар мен қол жеткізілген нәтижелер сараланды. Еліміз бен халқымыздың, сондай-ақ өңір қауіпсіздігі мен көршілеріміздің тыныштығы және әл-ауқаты үшін атқарылып жатқан жұмыстардың табандылықпен жалғасатыны атап өтілді», – делінген.

Сондай-ақ Сирияның бірлігі мен аумақтық тұтастығын нығайту, мемлекеттік билікті елдің барлық аумағына тарату және интеграция үдерісіндегі оң өзгерістер қарастырылғаны айтылды. Сирия халқына елді қайта қалпына келтіруге және халықаралық қауымдастықпен байланыстарын нығайтуға көрсетіліп жатқан қолдаудың жалғасатыны мәлімделді.

Ирактағы тұрақтылықтың бүкіл өңір үшін аса маңызды екені атап өтілді. Мәлімдемеде Ирак үкіметінің егемендікті ел аумағында нығайту бағытындағы күш-жігері оң бағаланып, Иракпен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мән берілетіні айтылды.

Мәлімдемеде мынадай пікірлер айтылды: «АҚШ пен Израиль және Иран арасындағы соғыстың жалғасып жатқан қақтығыстармен ұштасып, тұйық шеңберге айналуы өңірдегі тұрақсыздықты күшейтіп отырғаны атап өтілді. Тараптарға келіссөздерге қайта оралып, жаһандық салдары артқан қақтығысты тоқтату жөнінде үндеу жасалды. Израиль билігінің Газа мен Ливанда бейбітшілік орнатуға қатысты міндеттерін орындамай, шабуылдарын жалғастырып отырғанына назар аударылды. Халықаралық қауымдастық Сирияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін де бұза отырып, өңірде тұрақтылықтың орнауына кедергі келтіріп отырған Израиль билігіне нақты шара қолдануға шақырылды».

Сондай-ақ Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қазіргі жағдайы, азаматтық инфрақұрылым мен қатынас бағыттарына бағытталған шабуылдардың өңірлік және жаһандық салдары талқыланды. Шиеленістің бақылаудан шығып, қақтығыстың одан әрі өршу қаупіне байланысты тараптар сабыр сақтауға және атысты тоқтатуға шақырылды.

Мәлімдемеде Йеменде соңғы уақытта күшейген шиеленістің ең алдымен көршілес елдер үшін қауіпті арттырып отырғаны атап өтілді. Сондай-ақ жаһандық тұрақтылық үшін өңірде бейбітшілік орнатудың маңыздылығы атап өтілді.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді