САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
Себастьен Лекорню президент Макронның екі жыл ішіндегі бесінші премьер-министрі болды.
Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
/ Reuters

Сәрсенбі күні үкіметке қарсы ауқымды наразылықтар болған күні қызметіне кіріскен Францияның жаңа премьер-министрі Себастьен Лекорню қарсыластарымен бірлесіп қарызды азайтатын бюджет қабылдаудың шығармашылық жолдарын табуға уәде беріп, жаңа саяси бағыттар ұсынды.

Лекорню дүйсенбі күні парламенттегі дауыс беру нәтижесінде елдің Еуроаймақтағы ең ірі бюджет тапшылығын азайту жоспарларына байланысты қызметінен кеткен Франсуа Байрудың орнына келді.

Соңғы уақытта қорғаныс министрі қызметін атқарған Лекорню билік ауысу рәсімінен кейін жасаған қысқа мәлімдемесінде үкіметтің оппозициямен жұмыс істегенде «шығармашыл, кейде техникалық тұрғыда тереңірек, байсалдырақ» болуы қажет екенін атап өтіп, кейбір «қарама-қайшылықтардың қажет болатынын» да жеткізді.

Лекорнюді күтіп тұрған негізгі қиындық – үш түрлі идеологиялық блоктан тұратын парламенттен 2026 жылға арналған жеңілдетілген бюджетті өткізу. Партиялар жалпы алғанда Францияның 2024 жылы ЖІӨ-нің 5,8%-ына жеткен бюджет тапшылығын қысқарту керек дегенге келіседі, алайда мұны қалай жүзеге асыратыны жөнінде ортақ шешімге келе алмай отыр.

Лекорнюдің 7 қазанға дейін құжаттың толық жобасын парламентке ұсынуы тиіс. 13 қазанға дейін аздаған икемділікке жол берілгенімен бұл күннен кейін депутаттардың бюджетті жыл соңына дейін қабылдауға уақыттары қалмайды.

Лекорнюді тағайындауға сейсенбі күні келген алғашқы реакциялар оның алдағы сын-қатерлерін айқын көрсетті.

«Барлығын бұғатта» наразылықтары

Солшыл радикалдар Лекорнюді бірден сенімсіздік вотумымен құлатуға тырысатынын мәлімдесе, ультраоңшыл “Ұлттық бірлік”  партиясы бюджет талаптары орындалған жағдайда онымен жұмыс істеуге дайын екенін аңғартты.

“Ұлттық бірлік” депутаты Лор Лавалет сейсенбі күні кешке “X” әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында: “Бюджет партияға тиесілі болады немесе үкімет болмайды» деп жазды.

“Ұлттық бірлік” – Франциядағы ең үлкен парламенттік партия, сондықтан кез келген ықтимал сенімсіздік вотумында шешуші фактор саналады. Дегенмен былтыр партия төрағасы Жордан Барделламен бірге кешкі асқа қатысқан Лекорню Макронның айналасында “Ұлттық бірлікке” ең жақын тұлға ретінде бағаланады.

Лекорнюдің тағы бір таңдауы – бюджет шығындарын жұмсартуды және байларды салықпен жүктеуді қалайтын социалистерді салық өсіміне мүлде қарсы өзінің бұрынғы партиясы Республикашылармен біріктіру.

Макрон сейсенбі күні күтпеген қадам жасап, Социалистік партия жетекшісі Оливье Фоарға солшыл біреуді премьер-министр етіп тағайындай алмайтынын айтты.

Сәрсенбі күні Фоар Лекорнюмен жұмыс істеуге аз да болса мүмкіндік бар екенін көрсеткенімен, егер үкімет бюджет басымдықтарын ескермесе, сенімсіздік вотумын қолдайтынын мәлімдеді.

Ал осы уақытта Франция бойынша мыңдаған адам Макронға ұсынылған бюджет қысқартуларына және тұтас саяси тапқа деген кең ауқымды наразылықтың көрінісі ретінде «Барлығын бұғатта» наразылықтарына қатысты.

Марсельдегі наразылыққа қатысқан кәсіподақ мүшелерінің бірі Даниэль Бретонес: «Бұл ашу-ыза айлар бойы, тіпті жылдар бойы басылмай келеді. Макронның екінші мерзімінде бесінші премьер-министр қызметке келді, бірақ ештеңе өзгерген жоқ» деді.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр