ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрі: «Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағы аймағындағы 7 түрік кемесінде 177 Түркия азаматы бар».
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу / AA

Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрі сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде соғыс басталғалы бері түркиялық 11 кеменің Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтіп, Парсы шығанағынан шыққанын айтты.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу «Nsosyal» әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Түркияның Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағындағы оқиғаларды жіті бақылап отырғанын, өңірдегі кемелер және Түркия азаматтарымен тұрақты байланыс орнатылғанын мәлімдеді.

Уралоглу өңірде әлі де 7 кеме қалғанын, кемелерде 177 Түркия азаматы қызмет атқаратынын айтты. Сондай-ақ кемелердің бірінің Түркия туымен жүзетіні хабарланды. Министр Түркия қандай жағдайда да өз азаматтары мен кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдауды жалғастыратынын жеткізді.

Сәуір айында Уралоглу Ирактан Малайзияға шикі мұнай тасымалдаған Түркияның «Ocean Thunder» танкерінің Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өткенін мәлімдеген болатын. Сол кезде министр Ормуз бұғазы маңында бірнеше түрік кемесі бар екенін және түрік билігінің кемелер мен экипаждардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан еді.

Ормуз бұғазы  ̶  Парсы шығанағын Оман шығанағымен және әлемдік энергетикалық тасымал бағыттарымен байланыстыратын, дүниежүзіндегі ең маңызды теңіз өткелдерінің бірі.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды