САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Ресейдің Зеленскийдің заңдылығына қатысты күмәндерін «көзбояушылық» деп атады
АҚШ Президенті: ««Олардың не айтқаны маңызды емес. Мұның барлығы көзбояушылық. Бос әңгіме», – деп, биыл бейбіт келіссөздер өтуі мүмкін екенін де қосты.
Трамп Ресейдің Зеленскийдің заңдылығына қатысты күмәндерін «көзбояушылық» деп атады
/ AP

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресейдің Украина Президенті Владимир Зеленскийдің заңдылығына күмән келтірген соңғы мәлімдемелерін «көзбояушылық» деп сипаттап, мән бермейтінін айтты.

Трамп бұл сөздерді Ақ Үйде үш сағаттан астам уақытқа созылған Кабинет отырысынан кейін журналистерге берген жауабында: «Олардың не айтқаны маңызды емес. Мұның барлығы көзбояушылық. Бос әңгіме»,-  деді.

Трамп осы сөзі арқылы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың жексенбі күні Зеленскийдің конституциялық заңдылығына күмән білдірген сөздеріне жауап қайтарды.

Лавров “NBC News” арнасына берген сұхбатында: «(Ресей Президенті) Путин саммит күн тәртібі дайын болғанда Зеленскиймен кездесуге әзір», – деген болатын.

«Заңдылық – бөлек мәселе»

Лавров: «Оны (Зеленскийді) іс жүзіндегі режим басшысы ретінде мойындаймыз және осы мәртебеде онымен кездесуге дайынбыз. Алайда ресми құжаттарға қол қою мәселесі туындаған кезде… қол қойған адамның заңды екені анықталуы керек, ал Украина Конституциясына сәйкес қазір мырза Зеленскийдің ондай мәртебесі жоқ екенін бәрі айқын түсінуі қажет» – деп мәлімдеді.

Сондай-ақ Лавров Путиннің Трамппен соңғы телефон әңгімесінде Мәскеудің Киевпен тікелей бейбіт келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін жеткізгенін, алайда Путин мен Зеленский арасындағы жоғары деңгейдегі саммиттің «өте мұқият дайындалуы тиіс» екенін ескерткенін айтты.

Трамп 15 тамызда Аляскада Путинмен кездесуінде Ресей мен Украина басшылары соғысты аяқтауды көздейтін бейбіт келіссөздер үшін тікелей жүздесуі мүмкін екенін ұсынған болатын.

Ал сейсенбі күнгі Кабинет отырысында Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф қақтығысқа қатысты келіссөздердің осы аптада өтетінін айтып, соғыстың жыл соңына дейін аяқталатынына үміт білдірді.

Зеленский болса сейсенбі күні таңертең Киевтің Ресей тарапымен мұндай саммитке делдал бола алатын елдермен байланыста екенін хабарлаған болатын.

ҚатыстыTRT Global - Трамп пен Путин келісімге келе алмады

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты