СПОРТ
1 ... минут оқылды
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
«Көк жейделілер» шешуші сетте Түркиядан жеңіліп, чемпиондық атақтан да, 21 матчқа созылған жеңіс сериясынан да айырылды.
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Италия - Түркия құрамалары. "CEV EuroVolley 2026"

Италияның “ANSA” агенттігі бапкер Хулио Веласко жаттықтыратын Италия құрамасының үш бірдей жүлдені иелену мақсаты Стамбулда орындалмай қалғанын жазды. «Көк жейделілер» шешуші сетте Түркиядан жеңіліп, чемпиондық атақтан да, 21 матчқа созылған жеңіс сериясынан да айырылды.

Хабарда италиялық бапкер Даниэле Сантарелли жаттықтыратын Түркия әйелдер құрамасының Италияның ойынын тежегені айтылды. «Түркия әсіресе соңғы екі сетте қарсыласқа мүмкіндік бермей, тамаша ойын көрсетті. Мелисса Варгас 28 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетті», - деп жазды агенттік.

“ANSA” сондай-ақ Сантареллидің тактикалық шеберлігіне назар аударды: «Сантареллидің тактикалық шешімдері ерекше болды. Команда ойынға барынша жұмылып, үшінші сет соңында мүмкін еместей көрінген жағдайдан жол тауып шықты. Жанкүйерлердің қолдауына ие болған Түркия ешқашан берілген жоқ».

Италияның жетекші спорт басылымдарының бірі “La Gazzetta dello Sport” финал туралы мақаласында Италияның шешуші сетте Түркиядан жеңілгенін және жақсы бастаған матчтан осылай ұтылуды қабылдау қиын екенін жазды.

Газет басылымы бұл жеңістің арқасында Түркия құрамасы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын алғанын атап өтті. Сондай-ақ финалдан кейін қуанған жалғыз италиялық Түркия құрамасының бапкері Даниэле Сантарелли болғанын жазды.

“Corriere dello Sport” басылымы да «көк жейделілер» үшін шешуші сетте жеңілу аса ауыр болғанын атап өтті.

Іздеу
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ